Бейсенбі, 12 Ақпан 2026
Жаңалықтар 140 0 пікір 12 Ақпан, 2026 сағат 14:40

АҚШ-тың Украинаға әскери көмегі қысқарды

Сурет: tsn.ua сайтынан алынды.

АҚШ-тың Украинаға әскери көмегі 2025 жылы 99%-ға қысқарды, — Ukraine Support Tracker.

Алдыңғы жылдары АҚШ Украинаға жыл сайын орта есеппен €17,3 млрд әскери көмек және €13,3 млрд қаржылық әрі гуманитарлық қолдау көрсетіп келген. 2025 жылы небәрі €0,4 млрд көлеміндегі бір ғана әскери пакет тіркелді және жаңа қаржылық немесе гуманитарлық міндеттемелер мүлде болған жоқ.

Дегенмен жақсы жаңалық та бар: ЕО тарапынан көмек 67%-ға өсті, бұл әсерді теңестірді — нәтижесінде жалпы көмек көлемі шамамен алдыңғы жылдар деңгейінде сақталды.

Abai.kz

0 пікір