Бейсенбі, 14 Мамыр 2026
Жаңалықтар 852 0 пікір 18 Ақпан, 2026 сағат 14:38

Тоқаев Жапония Премьер-министрін құттықтады 

Сурет: Reddit сайтынан алынды.

Президент Жапонияны еліміздің Азиядағы басты серіктестерінің бірі ретінде атады.

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөзі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

Президент Жапонияны еліміздің Азиядағы басты серіктестерінің бірі ретінде атап өтті.

Сонымен қатар достық пен өзара түсіністікке негізделген кеңейтілген стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичидің аса жауапты қызметіне табыс, ал жапон халқына құт-береке тіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2732
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1849