Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1345 0 пікір 18 Ақпан, 2026 сағат 15:14

Ақтөбе облысында прокурор ұсталды

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Ақтөбе облысында полковник шеніндегі прокуратура қызметкері ұсталды. Бейресми мәліметке сәйкес, күдікті 10 миллион теңге көлемінде пара алған болуы мүмкін.

Ұстау 2026 жылғы 17 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында жүргізілген. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

– Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімшелері және Бас прокуратураның өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкері ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады қадағалаушы органның баспасөз қызметі.

Аймақтық прокуратура басқа мәліметтерді жарияламады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1532
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3156
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1151
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1066