Бейсенбі, 19 Ақпан 2026
Әне, көрдің бе? 207 0 пікір 19 Ақпан, 2026 сағат 12:24

Путин Куба елшісін құры қол қайтарды

Сурет: interfax.ru сайтынан алынды.

Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбі күні Мәскеуде Кубаның сыртқы істер министрі Бруно Родригеспен кездескенде, Кремльдің «мәңгі» Куба жағында екенін қайталап, қазіргі уақытта АҚШ-тың кешенді санкцияларына ұшыраған Кариб аралдары еліне қолшдау білдірді. Дегенмен, Кубаға ешқандай нақты материалдық көмек көрсетуге уәде берген жоқ.

Жанармай дағдарысына тап болған Куба елшісі Родригес дәстүрлі одақтасы Ресейден көмек сұрап келген еді..

Венесуэла президенті Николас Мадуроны биліктен тайдырғаннан кейін АҚШ президенті Трамп Венесуэланың Кубаға маңызды мұнай жеткізуін тоқтатып, Гаванаға мұнай сататын елдерге қарсы санкциялар салып, қорқытты.

Путин кездесуде: «Бұл ерекше уақыт, жаңа санкциялар бірінен соң бірі енгізіліп жатыр. Біздің бұған қалай қарайтынымызды білесіздер. Біз мұндайды ешқашан қабылдамаймыз» деп қосқан. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков сәрсенбіде Путин мен Родригес Гаванаға қолдау көрсету шараларын талқылағанын айтты.

Дегенмен, Мәскеу жанармай немесе басқа да қажетті көмек көрсетуге жария түрде міндеттеме алған жоқ.

Сонымен қатар, Вашингтонның делдалдығымен Украинадағы төрт жылдық соғысты тоқтату бойынша келіссөздер жалғасуда, ал соңғы апталарда Путин Америка Құрама Штаттарына қатал сын айтудан аулақ болды.

Әлемдік БАҚ АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Куба Коммунистік партиясының жетекшісі Фидель Кастроның немересімен құпия келіссөз өткізгенін жарыса жазуда. Онда "болашақ мәселелер талқыланды" делінуде.

AFP агенттігінің хабарлауынша, Рубио Кубаның бұрынғы көшбасшысы Рауль Кастроның немересі Рауль Гильермо Родригеспен сөйлесіп жүрген. 41 жастағы Родригес Америка Құрама Штаттарымен жақсы қарым-қатынасты бағалайтын реформатор ретінде қарастырылады.

АҚШ президенті Трамп дүйсенбіде Кубаның «сәтсіз мемлекетке» айналғанын айтып, Гавананы АҚШ-пен келісімге келуге шақырды.

Трамп Венесуэла президенті Николас Мадуроны биліктен тайдырғаннан кейін Куба экономикалық қысымға тап болды.

АҚШ ықпалымен Венесуэла Кубаға маңызды мұнай жеткізуді тоқтатты.

Abai.kz

0 пікір