Жұма, 15 Мамыр 2026
Жаңалықтар 983 0 пікір 27 Ақпан, 2026 сағат 13:20

Мемлекетке қайтарылған қаржы – халық игілігіне

Сурет: aikyn.kz сайтынан алынды.

Алматы облысында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражатты әлеуметтік нысандардың құрылысына бағыттады.

Кеген ауданының Алғабас ауылында заңсыз иеленілген активтерді қайтару жұмыстары аясында мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді.

Салтанатты ашылу рәсіміне Кеген ауданының әкімі мен прокуроры қатысты.

Медициналық пункт ауылдың шамамен 500 тұрғынына қызмет көрсетуге арналған және алғашқы медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етіп, ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға үлес қосады.

Жобаның іске асырылуы прокуратура органдары жұмысының тиімділігін және мемлекетке қайтарылған қаражаттың халық игілігі үшін мақсатты түрде жұмсалып жатқанын айқын көрсетеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2733
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1851