Сенбі, 28 Ақпан 2026
Жаңалықтар 113 0 пікір 28 Ақпан, 2026 сағат 14:03

«Заң мен тәртіп»: елордалық жастарға есірткінің зияны туралы профилактикалық қойылым қойылды

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

«Жастар» театрында Рахымжан Отарбаевтың романы бойынша қойылған «Соңғы аялдама» қойылымы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Іс-шараға прокуратура және полиция басшылығы, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, астаналық прокурор Ғабит Мұқанов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, елордалық Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, білім беру, мәдениет саласының өкілдері мен психологтар қатысты.

Жиналған жастардың алдында қала прокуроры Ғабит Қасымбеков құттықтау сөз сөйлеп, олардың білімді, тәрбиелі, адал азамат ретіндегі рөліне тоқталып, болашақтарының жарқын болуын тіледі.

Спектакль жасөспірімдермен жеке таңдау, жауапкершілік және нашақорлыққа тартылудың салдары туралы ашық диалогтың мәдени-танымдық алаңына айналды.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Актерлердің шебер ойыны арқылы көрермендерге заң талаптарын сақтаудың және саналы таңдау жасаудың маңыздылығы айқын көрсетілді.

Қойылымды профилактикалық және білім беру бастамаларына белсенді қатысып жүрген елордалық мектептердің 300-ге жуық оқушысы тамашалады.
Көрсетілім «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өскелең ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жүйелі ведомствоаралық жұмыстың бір бөлігі болды.

Abai.kz

0 пікір