Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1660 0 пікір 28 Ақпан, 2026 сағат 16:11

Ирандағы Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер жоқ — СІМ

Сурет: википедиядан алынды

Қазіргі таңда Иран аумағында 96 Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті.

Ведомствоның мәліметінше, олардың 18-і — дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, 2 азамат — студент, 70 қазақстандық «Заркух» зауытында еңбек етеді. Сондай-ақ алты азамат Иранда жеке сапармен жүр.

Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның шетелдегі мекемелері отандастарымызбен тұрақты байланыс орнатқан.

Қазіргі уақытта Ирандағы Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, Израиль бүгін Тегеранға «превентивтік соққы» жасады. Бұл туралы Израильдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді.

Осы жағдайға байланысты әуе кеңістігі жабылғаннан кейін ұшақтар Иранды айналып өтуге мәжбүр болды.

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Алматы мен Астанадан ұшып шыққан ұшақтар кері оралатыны белгілі болды.

Иран Израильге қарымта жауап ретінде бірнеше зымыран жіберді.

Артынша Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранға қарсы Израиль мен АҚШ-тың бірлескен операциясы екенін мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 925
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2389
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 630
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 606