Header Banner
Сенбі, 14 Наурыз 2026
Пікір 129 0 пікір 14 Наурыз, 2026 сағат 13:27

Цифрлық өнер және виртуалды мәдениет

Сурет: Авторлардың жеке мұрағатынан алынды.

Жасанды интеллекттің дамуы цифрлық өнердің жаңа бағыттарын қалыптастырды. Соның ішінде генеративті өнер, виртуалды шындық, интерактивті инсталляциялар және цифрлық анимация ерекше танымал болуда. Бұл бағыттар көрерменді тек бақылаушы ғана емес, шығармашылық процестің қатысушысына айналдырады.

Бұл құбылыс өнердің табиғаты туралы жаңа ғылыми пікірталастарды тудырып отыр. Кейбір зерттеушілер жасанды интеллектті тек құрал ретінде қарастырса, басқалары оны шығармашылық процестің белсенді қатысушысы ретінде бағалайды. Осы тұрғыдан алғанда, болашақта адам мен жасанды интеллекттің бірлескен шығармашылығы кеңінен таралуы мүмкін. Осыған қатысты үш буынның өкілі болып саналатын қытай тілінен аудармашы, ақын-жазушылар болып саналатын Тұрдыхан Айдарханұлы, Асқар Бектұрған және Семей қаласындағы «Құнанбай қажы атындағы Алаш аудармашылар одағы» ҚҚ директоры, Республикалық «Абай» журналының ғылыми қызметкері, түрк тілдерінен аударма жасап жүрген ақын-ғалым Ерік Қайратбекұлдарының пікірлерін білген едік.

Сурет: Автордың жеке мұрағатынан алынды.

Тұрдыхан Айдарханұлы:

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен Бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 2025 жылғы 17 қарашадағы № 230-VIII ҚРЗ «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына ұласып, еліміз екі бағытта атап айтсақ, жаппай компьютерлік сауаттылық пен ЖИ меңгеруді жұрт арасында кеңінен дамуды қолға алды. Біздің ұраныымыз «Ұлтқа адал һәм кіршіксіз қызмет ету адамды мұратқа жеткізу» болуы керек.

Міне, осы «Ұлтқа адал һәм кіршіксіз қызмет ету адамды мұратқа жеткізудің» хас сипатын әр қазақ өз бойынан іздеуі керек. Жалпы елім деген жан «Мемлекет маған – не бередімен емес, Мен Мемлекетке не беремін» ұстанымымен өмір сүруі керек. «Мемлекет маған – не бередімен емес, Мен Мемлекетке не беремін» ұстанымымен өмір сүрген білімді де,  жалынды жастарымыз жетіп артылады. Бұның бәрі отбасынан алған қазақи тәлім-тәрбиенің арқасында. Бізде тек солардың зейінін мамандығына орай АІ аудармашылық қызметке бейімдесек, көп нәрседен ұтамыз.

Сурет: Автордың жеке мұрағатынан алынды.

Асқар Бектұрған:

– Онлайн диспуттар, телешоуларды, түрлі платформаларды қазақ тілінде кірме сөз қабылдауға арнап, орыс тілді қазақтарды да бұл процеске тартуымыз керек.  АІ әр ұлттың өзінің өнері мен мәдениетін жаһанға танытуына мол мүмкіндік беріп отыр.

Болашақта жасанды интеллект мәдениет пен өнердің дамуына одан әрі ықпал етіп, жаңа шығармашылық мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз. Сондықтан бұл бағыттағы ғылыми зерттеулерді кеңейту және технологияны мәдени құндылықтарды сақтай отырып дамыту қазіргі заманның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Spotify: поп музыкада ағылшын тіліндегі әндер азайып барады дейді. Енді осы компания туралы айта кетейін: Spotify – бұл әлемдегі ең ірі музыкалық ағындық сервистердің бірі, шведтік технологиялық компания . 2006 жылы Даниэль Эк пен Мартин Лорентсон негізін қалаған бұл платформа 2008 жылдың 7 қазанда ресми түрде іске қосылды . Бүгінгі таңда Spotify музыка тыңдау тәсілін түбегейлі өзгертіп, пайдаланушыларға миллиондаған әндерге, подкасттарға және аудиокітаптарға оңай қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады .

Қызмет 180-нен астам елде қолжетімді және әлем бойынша 626 миллионнан астам белсенді пайдаланушысы бар, оның ішінде 246 миллионы ақылы жазылушы болып табылады . Бұл көрсеткіштер Spotify-тің аудиоағын нарығындағы орнын айқын көрсетеді.

Spotify музыкалық стримингтік гигантының мәліметтеріне сәйкес, ағылшын тіліндегі музыка чарттардағы үстем орнын жоғалта бастады.

Компания хабарлағандай, өткен жылы оның жаһандық топ-50-де испан, корей, португал, түрік, индонезия және араб тілдерін қамтитын 16 түрлі тілде әндер пайда болды. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен екі есе артық.

Тек испан тілінде ғана ән салатын Bad Bunny әлемдегі ең көп тыңдалатын әртіске айналды. Ал Brit Award лауреаты Розалия өзінің соңғы альбомында 14 диалектіде ән айтады.

Spotify бразилиялық фанк әлемдегі ең тез өсіп келе жатқан жанр болғанын, ал оның аудиториясы 36% -ға өскенін хабарлады. K-Pop танымалдығы 31% -ға, Trap Latino - 29% -ға өсті.

Компанияның мәліметінше, бұл жанрлар Spotify компаниясына өткен жылы роялти түрінде 100 миллион доллардан астам қаржы әкелген.

Сонымен қатар, ағылшын тілі чарттарда бұрынғысынша басым: музыка индустриясының мүддесін қорғайтын IFPI ұйымының мәліметінше, өткен жылғы ең көп сатылған 20 альбомның 14-і тек осы тілде жазылған.

Алайда, тізімге оңтүстік кореялық Stray Kids, Enhypen және Seventeen топтары, сондай-ақ жапондық Mrs Green Apple рок-тобы енді - жанкүйерлер рок пен поп-музыканың әдеттегі парадигмаларынан тыс музыкаға жиі жүгінеді.

Blackpink корей, ағылшын, тай және жапон тілдерінде ән айтып, топ және жеке әртістер ретінде табысқа жетті Бір қуаныштысы «Қазақ әндері» де осы шоғырдан көріне бастады. Қазаққа да Түрк әлемінде мәдени һәм өнери көшбасшы болау үшін тап осындай ана тілді компания құру күн тәртібінде тұр. Әзірше осы бағытта Ақберен бауырымыз ғана зыр қағуда. Тек оны тыңдар құлақ әзірше не билік, не бизнес тарапынан табылмай тұрғаны жаныңды ауыртады екен.

Сурет: Автордың жеке мұрағатынан алынды.

Ерік Қайратбекұлы:

– Қазақ мәдениетін сынауға келгенде, оны мінеуге келгенде бәрі шебер. Әрі біз ананы жоғалттық, мынаны жоғалтып ала жаздаудамыз деп зар жылаушылар да жетіп артылады. Біз үнемі себеппен емес, оның салдарымен күресетін ұлтқа айналып барамыз. Бар себеп ұлт мәдениетінің элиталық және бұқаралық екі қыры барлығына жете мән бермеудеміз. Екінші жанама себеп інтернет кеңістігіне ешкім қорғауы мен қолдауын керек етпейтін орыс және ағылшын тілді контенттердің қосанжарласуы.

Элиталық және бұқаралық мәдениетті замана талабына лайықтау әлі қолға алынбауы өкінішті. Әлем классиктерін аудару дегеніміз – элиталық мәдениетті қалыптастыру Һәм бұқаралық мәдениетті тасада қалдыру.

Бұқаралық мәдениет дегеніміз дініміз, діліміз және әдет-ғұрыпымызға шіркеу түсірмейтін арт-мәдениет өнімдерін арнайы құрылған комиссия арқылы  жұрт назарына ұсыну. Міне, біз осы жағынан ақсап жатырмыз. Бұқаралық мәдениет өкілдері қара жұмыста жүрген және үй шаруасындағы бауырларымыз бен қарындастарымыз. Осылар үнемі назардан тыс қалады. Олардың не көріп не қойып жүргеніне әлеуметтік сауал жүргізілген емес. Тек олардың тарапынан әлде бір өрескел жағдай орын алған шақта қазақты құртатын қылық деп ұлардай шулаймыз.

Бізге әр облыстағы ақсақалдар және ұстаздар қауымын тарта отырып, ұлттық релиз тарату орталықтары керек. Осы релиз тарату орталықтары видео-аудио және баспа өнімдерін інтернет арқылы тик-токта, истаграммда, ютубта, телеграммда т.б. әлеуметтік желілерде салт-дәстүрімізге орай қалай тартату керектігін бірізге түсіре алады.

Ұлттық релизге әр саланың мамандары ат салысып, жұртшылықтың сұранысын сауалнама арқылы біліп ел кәдесіне жарайтын іс атқарады. Релиз түзілмей біз бүгінгі мәдениетімізден айырыламыз.

Тұрдыхан Айдарханұлы:

– Шағын типография қазақ мектептерінің алдында жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, бұған дейін қосымша қаржы салымдарынсыз қол жетімсіз болған міндеттерді шешуге кең мүмкіндіктер береді. Мысалы, оқу бағыттары бойынша буклеттер басып шығару, марапаттау грамоталарын, дипломдарды дайындау және т.б.

Заманауи технология дамыған заманда қазаққа керекті кітапты мектеп пен оның ұстаздары да түплі мекемеклерге барып табан тоздырмай, тікелей нарыққа ұсына алады. Осы мектептің, колледждердің әлеуетін пайдаланбау мультимедиа нарығының тарихи дөңгелегін кері айналдыру.

Қазақи бейне өнімдерді татар, қыпшақ тілді өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, қырғыз, қарақалпақ, ноғай, құмық, қарашай, балқар сынды ұлттардың тұтынатынын естен шығармауымыз керек. АІ осы мәселені, атап айтсақ, «қазақ интернет мәдениетін тілі мен ділі жақын елдерге таратуды» басты орынға қояды.

Асқар Бектұрған:

– Қоғамдық негіздегі АІ негізделген «Жексенбілік мектептер» құру керек. Бұл жексенбілік мектеп үшін біз жас ұрпақты компьютерлік тәуелділіктен құтқаратын, баланың шығармашылық қабілетін ашу үшін шеберлік мектебі бола алады. Жексенбілік мектеп ұстаздары өз шәкірттерін АІ аудармашылық сервистермен танысуға, онлайн кітапханаларға кітапша жасатып, әлеуметтік желіге авторлық оқылыммен таратуға, аудармаға анимация жасатуға үйретуге т.б. осы бастан, яғни, мектеп қабырғасынан бейімдей алады.

Ерік Қайратбекұлы

– Мектептерде падкастық дубляж орталықтары құрып, цифрлық дизайн саласының мамандықтарымен қазақ шәкірттерін таныстыра алсақ, көп нәрседен ұтамыз. Мектеп қабырғасынан жете білім алған Digital-дизайнерлер - Виртуалды әлемдер мен визуалды контент жасап, онлайн-ортаны тартымды және ыңғайлы етеді.

Abai.kz

0 пікір