Header Banner
Сейсенбі, 17 Наурыз 2026
Жаңалықтар 99 0 пікір 17 Наурыз, 2026 сағат 15:27

Өткен жылы елімізде 335 мың сәби дүниеге келген

Сурет: Семей таңы газетінен алынды

Ұлттық статистика бюросы өткен жылғы елдегі туу көрсеткішін жариялады. 2025 жылдың 12 айында Қазақстанда 335 мың сәби дүниеге келген. Олардың 51,5% ұл, 48,5% – қыз.

Ресми дерекке сүйенсек, туудың ең жоғары коэффициенті Түркістан (1 мың тұрғынға шаққанда 22,22 сәби), Маңғыстау (21,40) облыстарында және Шымкент қаласында (21,76) тіркелді.

Туу көрсеткішінің негізгі үлесі 25-29 жас аралығындағы әйелдерге – 27%, сондай-ақ 30-34 жас аралығындағы әйелдерге – 26,1% тиесілі.

Былтыр 20 жасқа дейінгі қыздар 10,4 мың баланы, ал 50 жастан асқан әйелдер 148 баланы дүниеге әкелген. 20 жасқа дейін босанған аналардың саны Түркістан облысында басым болса, 50 жастан асып дүниеге нәрсе әкелген аналар саны Алматы қаласында көп.

Былтыр туған балалардың 24% (79,8 мыңы) отбасының тұңғышы атанса, кезек саны бойынша отбасында төртінші болып 53,5 мыңнан астам бала дүниеге келген (жалпы 16%).

Abai.kz

0 пікір