Header Banner
Сәрсенбі, 18 Наурыз 2026
Жаңалықтар 138 0 пікір 18 Наурыз, 2026 сағат 13:57

Астана мен Лондон енді стратегиялық одақтастар!

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

Қазақстан Мәжілісі Қазақстан мен Ұлыбританиям арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді ратификациялағанын хабарлады.

«Мәжіліс Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Құжатқа 2024 жылғы 24 сәуірде Астана қаласында қол қойылған болатын», — делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.

Бұл келісімді жасасу қажеттілігі Ұлыбританияның 2020 жылдың басында Еуропалық Одақтан шығуына байланысты туындаған.

Келісімнің негізгі бағыттары:

  • Ынтымақтастықты нығайту: Құжат екі ел арасындағы саяси, экономикалық, мәдени және өзге де салалардағы халықаралық іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

  • Экономика және инвестиция: Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту көзделеді.

  • Қауіпсіздік және ғылым: Қауіпсіздік саласындағы іс-қимылды тереңдету, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара байланысты дамыту қарастырылған.

Парламенттің мәліметінше, тараптар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында халықаралық құқық пен ортақ құндылықтар негізінде тиімді саяси диалогты дамытатын болады.

«Бұдан бөлек, келісім кәсіпкерлік, кедендік қатынастар, еңбек құқығы, сот төрелігі, зияткерлік меншік, энергетика, инвестиция, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы стратегиялық әріптестікті іске асырудың құқықтық негіздерін айқындайды», — деп толықтырды Мәжілістегілер.

Abai.kz

0 пікір