Дүйсенбі, 30 Наурыз 2026
Жаңалықтар 130 0 пікір 30 Наурыз, 2026 сағат 14:32

Биыл 43 231 қазақстандық әскерге шақырылады

Сурет: Ағыбай Аяпбергенов / www.inform.kz.

Президенттің әскери қызметшілерді запасқа шығару және ҚР азаматтарын 2026 жылдың наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Жарлығын іске асыру жөніндегі Үкімет қаулысы қабылданды.

Құжат аясында облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне келесі шараларды ұйымдастыру тапсырылды:

* Шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастыру және 2026 жылдың наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсан айларында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ, 18-ден 27 жасқа дейінгі 43 231 ер азаматты әскерге шақыруды қамтамасыз ету;

* ҚР заңнамасына сәйкес шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз ету.

ІІМ-ге әскерге шақырылушыларды жинау және әскерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастыру жүктелді.

Көлік министрлігі ҚР Қорғаныс министрлігінің өтінімдері бойынша Қарулы Күштерге, ІІМ-ге, ТЖМ-ге, ҰҚК-ге және Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылған азаматтарды, сондай-ақ запасқа шығарылған әскери қызметшілерді тасымалдауды қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен қатар, Қорғаныс, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктеріне мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды және запасқа шығарылғандарды тасымалдау шығындарын республикалық бюджетте қарастырылған қаражат шегінде тікелей тасымалдаушы ұйымдарға өтеу тапсырылды.

Қаулы 20 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді.

Abai.kz

0 пікір