Сәрсенбі, 1 Сәуір 2026
Жаңалықтар 114 0 пікір 1 Сәуір, 2026 сағат 14:05

Қырымда Ан-26 ұшағы құлап, 29 адам мерт болды

Сурет: tass.ru сайтынан алынды.

Қырым аумағында ресейлік Ан-26 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырап, 29 адам мерт болды.

Бұл туралы 1 сәуірге қараған түні Ресей қорғаныс министрлігі мәлімдеді.  Әскери ведомствоның мәліметінше, бортпен байланыс 31 наурыз күні кешкі сағат шамамен 18:00-де үзілген.

«Іздестіру-құтқару тобы Ан-26 ұшағы апатқа ұшыраған орынды анықтады. Оқиға орнынан түскен мәліметке сәйкес, алты экипаж мүшесі мен борттағы 23 жолаушы қаза тапты», – деп мәлімдеді министрлік.

Сондай-ақ ұшаққа сырттан зақым келтіретін әсер болмағаны атап өтілді. «Апаттың алдын ала себебі – техникалық ақау», – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Abai.kz

0 пікір