Дүйсенбі, 26 Қазан 2026
Жаңалықтар 1956 0 пікір 6 Сәуір, 2026 сағат 13:26

ҚМДБ жат ағымдарға қарсы жұмысты күшейтпек

Сурет: qazaquni.kz сайтынан алынды.

ҚМДБ деструктивті ағымдарға қарсы жұмыс күшейтілгенін айтты.

«Исламда мін жоқ, мін – адамда. Жекелеген адамдардың қателігі діннің немесе ҚМДБ-ның атынан жасалмайды. Исламда ажырасу құпталмайды, алайда ерлі-зайыптылар арасында түсініспеушілік болса, ажырасуға рұқсат етіледі. Алайда шариғатта арнайы ажырасып, әйелді басқа біреуге беру әрекетіне жол берілмейді. Қоғамда талқыланып жатқан Құрбанәлі Ахмет есімді азамат ҚМДБ-да жұмыс істемейді, басқармамен білім беру немесе басқа бағыттар бойынша ешқандай байланысы жоқ», – делінген мәлімдемеде.

ҚМДБ Қазақстанда ислам құндылықтарын ресми түрде насихаттайтын жалғыз орган екенін атап өтті. Сонымен қатар ислам діні халықтың салт-дәстүрімен тығыз байланысты екенін жеткізді.

«Наурыз мерекесінде дінге қайшы келетін ешқандай элемент жоқ. Жекелеген тұлғалардың теріс пікірлері ҚМДБ ұстанымын білдірмейді және біз ондай көзқарасты қолдамаймыз», – делінген хабарламада.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1217
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1700