Сәрсенбі, 8 Сәуір 2026
Жаңалықтар 161 0 пікір 8 Сәуір, 2026 сағат 14:26

Ақтөбе облысы: Әкімдіктегі өрттің себептері анықталуда

Сурет: tengrinews.kz сайтынан алынды.

Кеше кешкілік Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратынан өрт шықты. Өрт неден шыққаны әлі белгісіз.

ҚР ТЖМ мәліметінше, облыс әкімдігі ғимаратының шатырындағы 300 шаршы метр аумақты қамтыған өртті сөндіруге 80-нен астам адам мен 30-ға жуық техника жұмылдырылған.

7 сәуір кешке облыс әкімдігінің 6 қабатты ғимаратының шатырынан өрт шығып, бастапқыда үш бірдей ошақ анықталған. Құтқарушылар жалынның өзге қабаттарға таралуына жол бермеді, дейді ТЖМ.

Өрттен адамдар зардап шекпеген. Оның неден шыққаны әзірге белгісіз. Төтенше оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, өрттің себептері анықталып жатыр.

Abai.kz

0 пікір