Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2745 0 пікір 21 Мамыр, 2009 сағат 11:12

Алдағы тәулікте республиканың ШҚО, СҚО, Павлодар және Алматы облыстарында ауа температурасы 3-5 градус нөлден төмендейді

Алматы. 21 мамыр. ҚазТАГ – «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бірқатар аймақтарда күн суытады деп болжанып отырғандықтан, ауа райы туралы ескерту таратты.

22 мамыр күні түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде нөсер жауын жауып, солтүстік-батыстан секундына 18-23 метр жылдамдықпен жел тұрады, кей жерлерде желдің күші 25-30 м/с дейін жетеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК қызметі. 23 мамыр күні түнде температура кей жерлерде 0-3 градусқа дейін төмендейді.

Солтүстік Қазақстан облысында 22 мамыр күні түнде 0-5 градус аяз тұрады, 23-24 мамырда 0-2 градус аяз сақталады.

Павлодар облысында 22 мамырда түнде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, солтүстік-батыстан секундына 17-22 метр жылдамдықпен жел тұрады, кей жерлерде желдің күші 25 м/с дейін жетеді. Ауаның температурасы кей жерлерде 0-3 градусқа дейін төмендейді, 23-24 мамырда суық ауа райы сақталады.

Ақмола облысында 22 мамыр күні түнде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, ауаның температурасы 0-5 градусқа дейін төмендейді.

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының тау өзендерінде нөсер жауын жаууы салдарынан су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Өткен аптада  кейбір аймақтарда ауаның температурасы 30 градус нөлден жоғары болған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543