Мажарстандағы сайлау: Орбан партиясы жеңілді
Венгрияда 16 жыл билік басында болған Орбан партиясы оппозициядан жеңілді.
12 сәуірде өткен парламент сайлауының алдын ала қорытындысына сәйкес, оппозициялық "Тиса" партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Болжамдар бойынша, Венгрия парламентіндегі 199 орынның 138-ін "Тиса" иеленіп, премьер Виктор Орбанның "Фидес" партиясы — 54 орын, ал әсіре оңшыл "Біздің Отан" (Mi Hazánk) — 7 орын иеленуі мүмкін.
16 жыл билік басында болып келген Орбан енді партиясы оппозицияға көшетінін мәлімдеді.
"Тиса" конституциялық өзгерістерді кері қайтаруға жеткілікті дауысқа ие болғалы тұр.
Венгриядағы өзгеріс Еуроодақ ішінде Украинаға 90 млрд несие беруге жол ашуы ықтимал. Венгрия азаматтарының 74,23% дауыс беруге қатысып, рекорд жаңартты.
Abai.kz