Сейсенбі, 14 Сәуір 2026
Жаңалықтар 269 0 пікір 14 Сәуір, 2026 сағат 15:44

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге өсе ме?!

Сурет: 7kun.kz сайтынан алынды.

Елімізде ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет кулуарында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді. 

Қазақстанда ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен арттыру мәселесі қарастырылып жатыр. Алайда нақты мерзімі әзірге белгісіз.

Бірінші вице-министр Азамат Әмриннің айтуынша, бұл шешім бір ғана факторға емес, бірнеше экономикалық көрсеткішке байланысты қабылданады.

Жалпы әлемде ең төменгі жалақы медианалық жалақының шамамен 50%-ын құрайды. Бізде медианалық жалақы – шамамен 302 мың теңге. Сондықтан ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін жеткізу – біздің жақын уақыттағы мақсатымыз. Бірақ бұл қалай жүзеге асады – ол қазіргі есептеп жатқан бюджетке байланысты, – деді Әмрин.

Оның сөзінше, ең төменгі жалақыны көтеру мүмкіндігі мемлекеттік бюджеттің кірісіне тікелей тәуелді.

Барлығы бюджет мүмкіндігіне байланысты. Биылғы жыл қалай аяқталатынын, түсімдердің динамикасын көреміз. Егер осы қарқын сақталса, онда қаржылық мүмкіндік пайда болып, бұл шешімді жүзеге асыруға болады, – дейді ол.

Abai.kz

0 пікір