Бейсенбі, 16 Сәуір 2026
Жаңалықтар 150 0 пікір 16 Сәуір, 2026 сағат 13:43

Жүк экспорты 17% өсті

Сурет: Қазақстан теміржолшысы сайтынан алынды

2026 жылдың басынан бері Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалының көлемі 9,3% ұлғайды. Бұл көрсеткіш инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді кеңейтуге байланысты болып отыр, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қазақстандық жүк экспорты 17% өсіп отыр, оның ішінде темір кенін, қара металдарды, агроөнеркәсіптік кешен мен мұнай өнімдерін тасымалдау ұлғайды.

Осы ретте айта кететін мәселе - еліміздің транзиттік әлеуеті нығайып келеді. Қытаймен қатынаста транзиттік жүктердің көлемі 8% өсті. Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан транзитпен жүктерді тасымалдау 27% өсімді көрсетті.

ҚТЖ инфрақұрылымның транзиттік тасымалдардың одан әрі өсуіне дайындығын қамтамасыз ете отырып, Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде елдің көліктік-логистикалық әлеуетін арттыру жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруда.

-Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша тасымалдаудың оң қарқыны байқалады. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қытайдан ТХКБ бойынша 125 контейнерлік пойыз жөнелтілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 34,4% жоғары,-делінген хабарламада.

Abai.kz

0 пікір