Бейсенбі, 16 Сәуір 2026
Жаңалықтар 155 0 пікір 16 Сәуір, 2026 сағат 14:05

Ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар ерте зейнетке шыға ма?! 

Сурет: BAQ.kz сайтынан алынды

Мәжілісте қаралып жатқан “Мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау туралы” заң жобасы аясында ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарды ерте зейнетке шығару мәселесі көтерілді.

Депутат Нартай Аралбайұлының айтуынша, мұндай аналардың еңбегі ерекше қолдауды қажет етеді.

Ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарды 55 жастан зейнетке шығару нормасын енгізуді ұсындық, – деді ол.

Оның сөзінше, бұл бастама қазір тиісті мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр.

Депутат заң жобасы ерекше балаларды қолдаудың кешенді жүйесін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Атап айтқанда:

  • әр балаға жеке қолдау жоспарын енгізу;
  • қызметтердің бірыңғай реестрін құру;
  • ведомстволар арасындағы үйлестіруді күшейту;
  • білім беру және әлеуметтік қолдау шараларын біріктіру қарастырылған.

Қазір ата-аналар әр мекемені жеке аралап жүреді. Бұл жүйені бір орталыққа біріктіру қажет, – деді депутат.

Сонымен қатар депутат саладағы негізгі проблемаларды да атап өтті.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда ведомстволар арасында нақты үйлесім жоқ, бірыңғай цифрлық жүйе қалыптаспаған, маман тапшылығы өзекті күйінде қалып отыр.

Грант бар, бірақ жұмыс істейтін маман жетіспейді, – деді ол.

Нартай Аралбайұлы нақты мысал келтіріп, жалақының төмендігі кадр тұрақсыздығына әкеліп отырғанын айтты.

Жалақыны көтермей, біз сапалы қызмет көрсететін жүйе қалыптастыра алмаймыз, – деді депутат.

Abai.kz

0 пікір