Жұма, 17 Сәуір 2026
252 0 пікір 17 Сәуір, 2026 сағат 15:55

ҰБТ-да үлкен өзгеріс: енді бір рет қана тапсырасыз

Сурет: ummet.kz сайтынан алынды

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесін жетілдіру мақсатында Ұлттық бірыңғайтестілеу (ҰБТ) форматына бірқатар өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, адами капиталға инвестиция жасау – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Бұл бағыт Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырғанреформалардың негізін құрайды. Бүгінде әлем елдері білім беру жүйесін жаңғыртып, жаңа модельдер мен цифрлық шешімдерді енгізуде.

«Қазіргі таңда білім беру саласы тек білім берумен шектелмей, нақты дағдылардымеңгерген, еңбек нарығына бейімделген мамандарды даярлауға бағытталуы тиіс. Бұл – сапалы жаңа кезеңге көшу», – деді Аида Балаева.

Осыған байланысты талапкерлерді іріктеу жүйесінде, әсіресе педагогикалықмамандықтарға қабылдау кезінде жаңа тәсілдер енгізілмек. Атап айтқанда, тестілеуменқатар арнайы емтихандарды қамтитын гибридті бағалау формасы қолданылады. Бұл тәсілталапкерлердің тек пәндік білімін ғана емес, сонымен бірге сыни ойлау, талдау жәнекоммуникациялық дағдыларын бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, келесі жылдан бастап педагогикалық бағыттарға түсу кезінде ҰБТ нәтижелерімен қатар ауызша емтихандар да ескерілмек. Бұл емтихандарда талапкерлердіңоқуға дайындығы мен кәсіби бейімділігіне ерекше назар аударылады.

Министр сондай-ақ ҰБТ-ны бір рет тапсыру форматына көшіру ұсынылып отырғанын атапөтті. Оның сөзінше, бұл шешім грант конкурсына қатысу кезінде әділ әрі объективтібағалауды қамтамасыз етуге бағытталған. Ал талапкерлердің дайындық деңгейін тексеруүшін сынақ тестілеу жүйесі сақталады.

Бұдан бөлек, жоғары оқу орындарына Foundation бағдарламалары арқылы шарттықабылдау тәжірибесінен бас тарту жоспарланып отыр. Себебі мұндай жүйеменқабылданған студенттердің едәуір бөлігі оқу барысында қажетті шекті баллды жинайалмайды.

«ҰБТ жүйесін өзгерту – тестілеуден бас тарту емес. Бұл – дарынды талапкерлердіанықтап, әділ іріктеуге бағытталған маңызды қадам», – деп қорытындылады Аида Балаева.

Жалпы, ұсынылып отырған өзгерістер білім беру сапасын арттырып, елдің ұзақ мерзімдідамуына негіз болады деп күтілуде.

Abai.kz

0 пікір