Жұманғарин: Иранмен тауар айналымы баяулауы мүмкін!
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 450 млн долларды құрады. Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Ол Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты биыл сауда қарқынының баяулауы күтілетінін жеткізді.
«Бұл қазіргі Парсы шығанағындағы қақтығыспен байланысты болып отыр. Жалпы мақсат — тауар айналымын 3 млрд долларға жеткізу, бірақ әзірге бұл қиын», — деді ол.
Вице-премьердің айтуынша, келісімшарттар жасалғанымен, трейдерлер жұмысында іркіліс байқалады.
«Өйткені төлем жасауға қатысты тәуекелдер бар. Иранмен ең үлкен мәселе — төлем жүйесі. Бұрын төлемдер көбіне үшінші елдер арқылы жүзеге асатын», — деді Серік Жұманғарин.
Abai.kz