Жұма, 15 Мамыр 2026
Жаңалықтар 151 0 пікір 15 Мамыр, 2026 сағат 16:16

Ердоған келді дегенде...

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Екі күн қатарынан Астанада қонақ болған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бүгін Түркістанда жүр...

Ал кешелі-бері Қазақстан мен Түркия әріптестікті тереңдетудің амал-шарғыларын жасасты. Алыс-берісті, барыс-келісті арттыратын жобаларды жолға қойды.

Ердоған жалпы Қазқастанға бес мәрте келіпті. Екіарадағы сауда-саттықтычң көлемі 5,4 млрд долларға жуқытайды екен. Екі ел арасындағы ірі жобалардың саны 23 дейді.

Жасырары жоқ, Қазақстан мен Түркияға ортақ мүдде – Транскаспий халықаралық дәлізі – «Орта дәліз». Бүгінгі алағай да бұлағай кезеңде оның рөлі еселеп өсті. Қазақстан, Әзербайжан, Түркия бағыты Еуропа мен Азия арасындағы балама маршрутқа айналып барады. Бұл Түркия мен Қазақстанды нақты геоэкономикалық серіктес етті. Қорғаныс саласында әрекеттестік артты. Сарапшылар тіпті Орталық Азияны XXI ғасырдағы жаңа логистикалық тораптардың бірі деп бағалай бастады. Қазір бұл бағыттағы жүк тасымыланың көлемі 4 млн тоннадан асыпты. Бұған «Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай дәлізінің маңызды екенін және қосыңыз.

Құдайға шүкір, бауырлас елдердің саудасы да, мәдениеті де, спорты мен әскери саласы да дамып жатыр. Екі елде де тыныштық пен бейбітшілік болғай!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2773
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1885