Путин Қытайға не үшін бара жатыр?!
Ресей президенті Владимир Путин 19-20 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен болады, бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайға сапарынан кейін бір аптадан аз уақыт өткенде орын алып отыр.
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков дүйсенбіде (18 мамыр): «Біз бұл сапарға үлкен үміт артамыз», - деді. 2022 жылғы Ресей-Украина соғысынан бері Ресейге Батыс санкциялары енгізілді. Соғыстың жалғасуы, Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюі және жаһандық энергетикалық жеткізілімдерге қатысты белгісіздік аясында Қытай-Ресей қарым-қатынасы энергетика, сауда және азаматтық компоненттерді экспорттау саласында практикалық тұрғыдан тереңдеп, екі ел арасындағы «шексіз» серіктестікті нығайтты.
«Біз және біздің қытайлық достарымыз мұны өте ерекше және стратегиялық серіктестік деп атаймыз», - деп мәлімдеді Песков, Ресей делегациясының құрамында вице-премьер-министр, үкімет министрлері және бизнес көшбасшылары болатынын қосты.
Әлемдегі ең ірі табиғи ресурстар қоры мен экспорттаушылардың бірі ретінде Ресей Қытаймен «Сібір күші 2» табиғи газ құбыры жобасын жүзеге асыруды көздеп отырғаны мәлім. Бұл жоба Ресейден Қытайға Моңғолия арқылы жылына 50 миллиард текше метр табиғи газ тасымалдауға мүмкіндік береді.
Ол туралы Песков: «Екіжақты қарым-қатынасымыздың экономикалық күн тәртібіндегі барлық мәселелер, әрине, талқыланады», - деп жауап берді. Екі ел таратқан ақпаратқа сәйкес, Ресей мен Қытай Путиннің сапары кезінде ең жоғары деңгейде бірлескен мәлімдемеге, сондай-ақ бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды. Екі мемлекет басшысы сонымен қатар «Қытай-Ресей білім жылының» ашылу салтанатына бірге қатысады.
Биыл сондай-ақ Қытай мен Ресей арасындағы тату көршілік және достық ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл толады.
2001 жылы сол кездегі Қытай президенті Цзян Цзэминь мен Владимир Путин Мәскеуде келісімшартқа қол қойды, бұл келісім «қырғи қабақ» соғыстан кейінгі екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы маңызды кезең болып табылады, оның ең маңызды тұсы «екі тараптың да бір-біріне аумақтық талаптары жоқ деген шешім» болды.
Келісімшарт 20 жыл бойы күшінде болды. 2021 жылы келісімшарт мерзімі аяқталды және сәтті жаңартылды.
Дегенмен, Қытай мен Ресей арасындағы аумақтық мәселелер ұзақ уақыт бойы назар аударып келеді. Мысалы, Владивостокта (Қытайда Хайшеньвай деп аталады) осы жылдың мамыр айында жеңістің 81 жылдығына арналған халықаралық балалар шеруі кезінде қытай армиясының киімін киген қытайлық бастауыш сынып оқушылары параттан өтті. Артынан Қытайдағы мемлекеттік БАҚ People's Daily басылымының WeChat қоғамдық аккаунтында «Владивосток көшелерінде қытайлық балалар кімді қолдап жүр?» деген тақырыппен сын мақала жарияланды. Онда «Бірінші сыныпқа баратын балаларды ата-бабаларынан тартып алған жерде сапқа тұрғызып, жалау үстатып, ұрандар айқызу – өзгеге қол жаулық болу» делінген.
Abai.kz