Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1075 0 пікір 3 Маусым, 2026 сағат 14:20

Ержан Жиенбаев жаңа лауазымға тағайындалды

Сурет: Ақорда сайтынан алынды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары  болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.

Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2002 жылы заң мамандығы бойынша "Тұран" Университетін, 2018 жылы РХШжМҚА-ның "Executive MBA" бағдарламасы бойынша оқу бітірген.

2002-2005 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің жүйесінде еңбек атқарған.

2005-2012 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы, бас кеңесшісі, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2012-2013 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2013 жылдан 2019 жылғы шілдеге дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2019 жылғы шілде – қазан аралығында ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылғы қазаннан 2023 жылғы қыркүйекке дейін ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2023 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

"Құрмет" (2016), "Парасат" (2021) ордендерімен, ҚР Президентінің Алғысымен (2020), ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2021), 7 мерейтойлық медальдары

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1393
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2971
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1041
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 972