Жұма, 12 Маусым 2026
Жаңалықтар 116 0 пікір 12 Маусым, 2026 сағат 13:51

Кәсіпкерлердің құқы қорғалды...

Сурет: GOV.KZ сайтынан алынды.

Алматы қаласының прокуратурасы сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру саласына жүргізген талдау барысында қалалық Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан кәсіпкерлердің құқықтарын бұзған жүйелі заң бұзушылықтарды анықтады.

Тексеру нәтижесінде басқарма лауазымды тұлғалары кәсіпкерлердің хабарламаларын қараудың заңда белгіленген 4 жұмыс күндік мерзімін сақтамай, жауаптарды 6–15 жұмыс күнінде жолдап отырғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер органдарына бизнес субъектілеріне жарнаманы "хабарламасыз" орналастырды деген негізбен салықтың екі еселенген мөлшерлемесін қолдану туралы заңсыз бастама ұсынылған.

Бұл тәжірибе 2 331 жарнама таратушыға қатысты болып, заңсыз есептелген төлемдердің жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеден асқан.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде бизнес субъектілерінің шоттарындағы заңсыз есептелген қаражаттар қайта қаралып, тиісті түзетулер енгізілді.

Құқық бұзушылыққа жол берген басқарма басшысының орынбасары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлын толық өтеген.

Прокуратура бизнесті мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан қорғау жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір