Сейсенбі, 30 Маусым 2026
Аласапыран 140 0 пікір 30 Маусым, 2026 сағат 12:58

Ресей мен Украина және Газа мен Иран моделі...

Сурет: сайт мұрағатынан алынды.

Финляндия президенті Александр Стубб 29 маусымда Politico басылымына берген сұхбатында Украинаның қазір әскери, саяси және экономикалық жақтан соғыс басталғаннан бергі ең жақсы жағдайда екенін мәлімдеп, барлық тараптарды шартсыз түрде 60 күндік атысты тоқтату мүмкіндігін пайдалануға шақырды. Ол Ресейдің бұл соғыста стратегиялық жақтан жеңіліске ұшырағанын да тілге тиек етті.

Сарапшылар Стуббтың сөздерін 8 шілдеде өтетін НАТО саммиті алдында одақтастарға жасалған сенім ишарасы деп түсіндіруде.

Стубб Украинаның соңғы алты айда әскери басымдыққа ие болғанын атап өтті. Оның келтірген мәліметке сай, ай сайын 35 000-ға дейін ресейлік сарбаздар құрбан болған, Ресей тарабы опат болғандардың орнына жаңа күш тарта алмаған. Санкт-Петербург пен Мәскеудегі нысандарға соққы жасаған Украинаның дрон және зымыран шабуылдары мұнай өңдеу қондырғыларының шамамен 40%-ын істен шығарған.

Стубб: «Қазіргі уақытта қаза тапқандар санының айырмасы 1:8 арақатынасындай, яғни әрбір қаза тапқан немесе жараланған украин сарбазына сегіз ресейліктен тура келеді», - деді.

Ол Украинаның қазір келіссөз мінберінде ырықты орында екенін алға тартып, Газа мен Иранда жүзеге асқан атысты тоқтату моделін үлгі етіп, алдымен шартсыз және жан-жақты түрде атысты 60 күн тоқтатуға, содан кейін келесі келіссөздерді біртіндеп алға жылжытуға шақырды.

28 маусымда Ресейдің мемлекеттік теледидарына берген сұхбатында Путин Ресей әскері Украинаның шығысы мен оңтүстігіндегі төрт аймақты толығымен басып алу үшін белгіленген әскери мақсаттарын жалғастыратынын мәлімдеді және Украинаның қақтығысты азайту үшін бір-бірінің ішкі аймақтарына ұзақ қашықтықтағы соққыларды тоқтату туралы жаңа ұсынысын қабылдамады. Мәскеу мұны Киевтің 1250 шақырымдық майдан сызығындағы қысымды жеңілдету тактикасы деп санайды.

Ал Путинның басты одақтасы Беларусь президенті 29-маусымда Бейжіңге барды. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Бейжіңде Си Цзиньпинмен кездесуі кезінде Рукашенко Беларусь Қытаймен халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша әріптестікті күшейтуге дайын екенін мәлімдеді. Ол Қытайдың Беларусьтің барлық уақыттағы стратегиялық серіктесі екенін және екі елдің прагматикалық ынтымақтастығы жан-жақты және терең екенін, Беларусьтің экономикалық және әлеуметтік дамуына маңызды қолдау көрсететінін атап өткен.

Қытай басшысы Си Цзиньпин Қытайдың Беларусьтің ұлттық егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын қорғауда және өз ұлттық жағдайларына сәйкес келетін даму жолын ұстануда қолдау көрсететінін, Беларусьтің дамуы мен құрылысына қолынан келгенше көмек көрсетуді жалғастыратынын айтқан.

Abai.kz

0 пікір