Зайырлы мемлекетте діндар адам қандай болуы керек?
Қазақстан — зайырлы мемлекет болғандықтан қоғамдағы діни сауаттылықты арттыру, дәстүр мен діннің арақатынасын түсіну және деструктивті ағымдардан сақтану — өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Осыған байланысты көпшілікті толғандырып жүрген кейбір сауалдарға тоқталып өткеніміз жөн сияқты. Осы орайда «Зайырлы мемлекеттегі діндар азамат қандай болуы керек?» деген сауал алдымызды орайтыны анық.
Шындығын айтар болсақ, зайырлылық пен руханият бір-біріне қайшы емес, өйткені, зайырлылық — мемлекетті басқару формасы болса, ал руханият — діннің құрамдас бөлігі болып саналады. Кез келген өзін зайырлы деп мәлімдеген мемлекетте түрлі діни ағымдар болуы мүмкін, бірақ ең басты талап — барлық азаматтардың заң алдында тең болуы. Сондықтан дәл қазір еліміздегі өзін зайырлы діндар азаматтың кейпіне тоқталар болсақ, онда, ең алдымен, заңды сыйлайтын, өз халқының салт-дәстүрін қастерлейтін және радикалды деструктивті діни идеологияға қарсы азаматы бірден ауызға алуымызға болады..
Қазір қазақ қоғамын толғандырған сауалдардың бірі һәм бірегейі «Дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ұйымдарды қалай ажыратуға болады?». Осы орайда біз білуге тиіс жайт «Дәстүрлі» және «дәстүрлі емес» ұғымдары шартты түрде қолданылады. Біз «дәстүрлі» деп тарихи сабақтастығы бар ағымдарды айтсақ, «дәстүрлі емес» дегеніміз — біздің қоғам үшін салыстырмалы түрде пайда болған жаңа құбылыс. Егер ағым Қазақстан аумағында ресми тіркелген болса, оның идеологиясында деструктивті сипат болмаса және оны ұстанушылар заңды сыйлайтын азаматтар болса, онда оның «дәстүрлі емес» болуы қауіпті емес дегенді осы орайда баса айтқымыз келеді.
Сөзден сөз өрбіп шығып отырғаннан кейін алдымызды «Деструктивті діни ұйымдардың белгілері қандай?» деген тағы бір толғаулы сауал кескестейді. Бұл арадағы бар мәселе сыртқы көріністе емес, аталған ағымға жататын діни ұйымдардың идеологияның өзінде болып саналады. Деструктивті ағымдардың негізгі белгілеріне «такфир», «тағут», «кәпір», «жаһилиет», «жиһад» сияқты ұғымдарды бұрмалап, жиі қолдану жатады. Егер ұйымда гипноз элементтері, есірткі заттарын қолдану (жиі кездесетін жағдай), пирамидалық иерархия мен конспирация (жасырын әрекет ету) байқалса, онда бұл ұйымның экстремистік әрі жалған діни сипатқа ие екенін аңғартады. Міне, осы орайда осчыдан туындайтын мәселе олардан қорғану. Сонымен «Деструктивті діни ағымдардан қалай сақтанып, қорғануға болады?». Бұдан қорғанудың ең басты құралы — діни сауаттылық, тарих пен мәдениетті терең білуіміз. Діни ілімдерді әдеби мағынада, яғни «тура мағынасында» қабылдау — қателік болып тобылады. Сол себепті, ең алдымен дінді моральдық-этикалық, адамгершілік құндылықтардың жиынтығы ретінде түсінген жөн. Сондай-ақ еліміздің заңнамаларындағы өзгерістерді қадағалап, құқықтық тұрғыдан хабардар болу өте маңызды алғышарт болып саналады.
Еліміздің 80 пайызын құрайтын мұсылман қауымы болғандықтан, әрі оның басым бөлігін титулды ұлттың өкілдері құрайтындықтан «Дін мен қазақ дәстүрінің ара-қатынасы қандай?» деген сауалудың қойылуы да орынды. Енді осыған бірлесе жауп зідестіріп көрейік. Қазақстандықтар үшін дін – бұл этникалық сәйкестіліктің бір бөлігі болып табылады. Дін мен дәстүр бір-бірін толықтырып тұратын, қайшы келмейтін ұғымдар екені де дау тудырмайды. Дәстүрді ұстанушы діндар адамдар ұлттық құндылықтарды қадірлесе, дін адамды рухани қағидаларға жетелейді. Олардың түп-тамыры — ортақ моральдық-этикалық құндылықтарда жатқаны баршаға аян дүние.
«Мәзһабты ұстану не үшін маңызды?» деген сауалда өз өктілігін жойған жоқ. Бұған берілетін жауап: Мәзһаб — исламды дұрыс түсінудің жолы. Мұны медициналық мысалмен түсіндіруге болады: ауырған адам өз бетінше шөп теріп, емделгеннен гөрі, маман-дәрігерге барғаны әлдеқайда қауіпсіз. Мәзһаб та сол сияқты, исламды дұрыс тәпсірлеуге, қателіктерден және теріс жолға түсіп кетуден сақтануға көмектесетін сенімді бағдар һәм нағыз ақиқаттың ақ жолы дер едік.
Тыйым салынған діни әдебиеттерді таратқаны үшін жауапкершілік бар ма?
Қазақстан заңнамасына сәйкес, ел аумағында тыйым салынған діни әдебиеттерді (соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы) пайдалануға және таратуға қатаң тыйым салынған. Тыйым салынған әдебиеттер тізімімен ҚР Құқықтық статистика комитетінің сайтында танысуға болады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабы бойынша айыппұл қарастырылса, ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Әлемде әлеуметтік конформизмнен және өзін-өзі тану мен азаматтық қатысу идеялары алдында беделге тағзым етуде өзгерістер жүріп жатыр. Бұл үрдіс үлкен демократиялыққа қарай жылжуға алып келеді. Адамдар әдеттен тыс өмір салтына төзімді бола бастайды, әртүрлі иерархиялардың, соның ішінде саяси және діни иерархиялардың беделіне азырақ бағынады. Яғни қоғамның құндылықтары бір ұрпақтың басқалармен ауысуына қарай өзгереді.
Қазақстан Үкіметі осы тарих пен дәстүрді жалғастыра отырып, 2003 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші дүниежүзілік съезін өткізуден бастап, ашықтық, толеранттылық, өзара құрмет пен теңдік белгілерін негізге ала отырып, бүкіл әлемнің діни көшбасшыларымен кездесулер мен диалог арқылы бірге өмір сүру және ынтымақтастық жолын зерттеді.
Республика Конституциясы әрбір азаматтың діни сенім бостандығына құқығын бекітеді және Қазақстандағы барлық діндердің құндылығын мәдени мұраның рухани құрамдас бөлігі ретінде таниды. Қазақстан қалаларында православ шіркеулері мен мешіттер, синагогалар мен намаз оқитын үйлер тұрғызылып, жұмыс істейді.
2019 жылғы деректер бойынша Қазақстан халқы діни қатыстылығы бойынша:
70% (көпшілігі) - ханафи мазхабының сунни исламын ұстанады;
20% - өздерін православ христиандарының қатарына жатқызады;
1,3% - католик шіркеуінің ізбасарлары;
2% - протестанттарға жатады;
0,09% - буддизмді ұстанады;
0,03% - иудаизм арақатынасында бөлінеді.
Қазақстан - билік діни өмірге қатыспайтын, ал діни ұйымдар елді басқару функциясын өз мойнына алмайтын зайырлы мемлекет екенін әлемге паш ете білді.
Abai.kz