Сейсенбі, 7 Шілде 2026
Жаңалықтар 279 0 пікір 7 Шілде, 2026 сағат 13:27

Қырғыз-Өзбек шекарасында атыс: Не белгілі?

Сурет: nuz.uz сайтынан алынды.

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасындағы атыс: 27 күш құрылымы қызметкері ұсталды.

Қырғызстанның Баткен облысындағы екі бақылау-өткізу пунктінде 5 шілде күні кешке арнайы операция өтті. ҰҚМК (ГКНБ) қызметкерлері мен «Альфа» арнайы жасағы сыбайлас жемқорлыққа күдікпен 27 әскери қызметшіні ұстады, деп хабарлайды «Орда» басылымы 24.kg порталына сілтеме жасап.

Операция Өзбекстанмен шекарадағы «Қадамжай-автожол» және «Шешме-автожол» (Чечме) өткізу пункттерінде бір мезгілде жүргізілді. Дереккөздердің мәліметінше, кешкі сағат 19:00 шамасында арнайы жасақ өткізу пункттерінің аумағына кірген.

Ол жерде шекара қызметінің, кеден және ветеринария қызметінің қызметкерлері ұсталды.

Дегенмен, операция атыссыз өткен жоқ. Арнайы жасақ «Қадамжай» БӨП аумағына кірген кезде, шлагбаум маңындағы бекетте тұрған прапорщик төрт рет оқ атқан. Тағы бір әскери қызметші әуеге ескерту оғын атты. Қаруды қолданудың заңдылығы тексеріліп жатыр.

Тінту кезінде шекарашылардан 38,5 мың сом және 5,6 миллионнан астам өзбек сумы табылды. Кеденшілерден 100 мың сом мен доллар тәркіленді, нақты сомасы әлі анықталуда. Сонымен қатар, «Шешме» БӨП-нің екі қызметкері ақша алу сәтінде бейнебақылау камераларына түсіп қалған көрінеді.

ҰҚМК басқармасына «Шешме» БӨП-нен 11 және «Қадамжай» БӨП-нен 16 әскери қызметші жеткізілді. Екі АК-74 автоматы, екі оқжатар (магазин) және 60 патрон тәркіленді.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатқан уақытта екі өткізу пунктінің де жұмысы тоқтатылды. Кезекті 3 мыңға жуық адам мен 400 автокөлік жиналып қалды. Кейінірек «Қадамжай-автожол» БӨП арқылы қозғалыс қайта қалпына келтірілді.

ҰҚМК ақпарат жарияланған сәтте арнайы операцияға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Жақында Баткен облысы басқа мәселеге байланысты да тілге тиек болған еді. Онда логистикалық мәселені шешу туралы сөз болған болатын.

Abai.kz

0 пікір