Ұлтаралық татулық пен жаңа дәуір үндестігі
Ұлтааралық татулық дегеніміз – бұл әрбір өзін өркениеті елмін санайтын қоғамдағы аса маңызды құндылықтардың бірі болып таблады. Сондықтан көпұлтты елде түрлі этнос өкілдері мен сан алуан мәдениеттердің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруі — сол мемлекетртің басты байлығы әрі мызғымас тірегі табылатныдығын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қай қоғамды болмасын қашанда достық, құрмет пен өзара сенім әрқашан біріктіріп, алға қарыштай қадам басуға жетелейді. Тек тұрақтылық сақталған жерде ғана қоғам өркендеп, мемлекеттің болашағы жарқын болатынын қазақ елінің әрбір тұрғыны өте жақсы түсінеді.
Әр халықтың өзіндік бірегей тарихы, тілі, салт-дәстүрі мен мәдени мұрасы бар. Бұл өзгешеліктер қазақ елінің тұрғындарын бөлетін кедергі емес, керісінше, өмірімізді байытатын, сан қырлы ететін аса қадірлі асыл қазына болып таблады. Өзге мәдениетке құрметпен қарау арқылы біз өзіміздің де рухани әлемімізді асқақтата һәм байыта түсеміз.
Ұлтаралық келісім — тек бейбіт қатар өмір сүру ғана емес, бұл қиындықта демеу, қуанышта ортақ болу, әділдік пен мейірімділікке ұмтылудың күнделікті өмір салтына енуі. Мұның бәрі қарапайым ғана өзара сыйластықтан, жақыныңды түсінуге деген шынайы ниеттен бастау алады. Сондықтан да ұлттар достығы — қазақ елінің болашағының берік діңгегі болып саналады.
Конституциялық реформа: Азаматтық қоғам белсенділігі
Жаңаланған Конституциямызда ел бірлігі мен ұлтаралық келісім қоғамның бұлжымас бағдары ретінде бекітіліп берілді. Бұл арада басты да, ең негізгі екпін — ұлтына, дініне қарамастан барлық азаматтардың теңдігі мен құқықтарын қорғауға қойылып отыр. Бұл ретте азаматтық қоғам институттары мен этномәдени бірлестіктердің мемлекеттік саясатты қалыптастырудағы рөлі айтарлықтай арта түстіні өмір заңдылығы болып таблады.
Осы орайда өңірлердегі Қазақстан азаматтарының басты мұраты — халықтың игілігіне, отбасы мен жастарды қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және зейнеткерлердің әл-ауқатын арттыруға бағытталған шешімдерді қолдау деп есептеуге зор негіз бар. Осыны негізіге алған қазақ билігі жастармен белсенді жұмыс істеп, бұқаралық ағарту шараларын кеңінен ұйымдастыруды жақсы жолға қоя білді. Мәдениет арқыл, оның ішінде ән арқылы достықты дәріптеу өзінің кең өрісін таба білді.
Ата Заңның жаңа жобасын еліміздегі этномәдени бірлестіктер толық қолдайды. Олардың ортақ пайымдауынша, қазақстандықтардың басты күші — бірлікте. Аға буын өкілдері ұлтааралық татулықты қалыптастырып, оның кеңінен өркен жаюы үшін қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген жайы бар. Жаңа Конституция мемлекет дамуының заңдылық, жауапкершілік және адамға деген шынайы қамқорлық қағидаттарына негізделетінін дәлелдейді. Еліміздегі зейнеткерлер үшін олардың ел дамуына қосқан еңбектерінің еленуі өте маңызды. Тек бірлесіп, үлкеннің тәжірибесі мен жастың энергиясын тоғыстыра отырып қана Отанымыздың тұрақты дамуын қамтамасыз ете аламыз.
Жаңа буын және жаһандану: Дәстүр мен тренд арасындағы тепе-теңдік
Қазақстан — 130-дан астам этнос пен ондаған дін өкілдері татулықта тіршілік кешіп жатқан бірегей мекен. Алайда, қазіргі геосаяси тәуекелдер, экономикалық қиындықтар мен ақпараттық тасқындар заманы қоғам алдына жаңа міндеттер қойып отыр.
Жақында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары ауқымды зерттеу жүргізіп, қызықты қорытындылар жасады. 2025 жылдың ақпанында жарық көрген «Қазақстанның көпұлтты кеңістігіндегі студент жастардың құндылықты басымдықтары» атты ғылыми еңбек бүгінгі жастардың дәстүр мен жаһанданудың ортасында, қос әлемде өмір сүріп жатқанын көрсетті.
Цифрлық дәуірдің ықпалы: Бүгінгі студенттердің ойлау жүйесіне интернет, әлеуметтік желілер (YouTube, Instagram) қатты әсер етеді. Көптеген жастар моральдық бағдарларды тек отбасы мен мектептен ғана емес, виртуалды әлемнен алады. Мұнда шекаралар жойылып, ұлттық айырмашылықтар екінші орынға шығады, ал адамның өзін қалай таныта алатындығы маңызды рөл атқарады.
Дәстүрге адалдық: Осыған қарамастан, ұлттық тәрбие мен дәстүр жастардың санасында берік сақталған. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, студенттердің көпшілігі отбасын, үлкенге құрметті, мейірімділік пен өзара көмекті ең басты өмірлік құндылықтар деп санайды. Бұл — ақпараттық тасқын кезінде жастардың адаспауына көмектесетін «ішкі темірқазық» болып табылады.
Пафоссыз достық — заман талабы
Қазіргі қазақстандық жастар өте төзімді (толерантты) және прагматик. Олар үшін адамның қай тілде сөйлейтіні немесе қандай дінді ұстанатыны маңызды емес. Бастысы — оның жауапкершілігі, адалдығы мен адамгершілігі. Жаңа буын жаһандық деңгейде ойлай отырып, еліміздің түрлі мәдениеттер мен діндер өзара сыйласатын мекен болып қала бергенін қалайды.
Басқаша айтқанда, жаңа қазақстандық бірегейлік құрғақ ұрандармен емес, университет қабырғасындағы, әлеуметтік желілердегі шынайы араласу арқылы қалыптасып жатыр. Жастар ұлтаралық келісімді ресми баяндамаларсыз-ақ өздерінің күнделікті өмір салтына айналдырған. Түрлі мәдениеттердің табиғи түрде астасып жатуы — еліміздің мызғымас тұрақтылығының басты құпиясы болса керек.
Ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі өзінің тиімділігін дәлелдеді, алайда, әсіресе жастармен және ақпараттық ортамен жұмыс істеуде тұрақты дамуды талап етеді. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан тұрақтылықты сақтап, түрлі этностардың өкілдері өздерін біртұтас қоғамның бір бөлігі ретінде сезінетін жүйе құра алды. Тәуелсіздік жылдарында елде тұрақтылық сақталып, түрлі этностардың өкілдері өздерін біртұтас қоғамның бір бөлігі ретінде сезінетін жүйе қалыптастырылды.
Бүгінде біз Қазақстан бүкіл әлемге этносаралық келісімнің бірегей үлгісін көрсетіп отырғанын мақтан тұтамыз. Республикамызда тұратын барлық этностардың мәдениетін ұштастыратын қазақстандық қоғамның рухани байлығы да біздің мақтанышымыздың қан тамыры болып табылады.
Abai.kz