Сенбі, 11 Шілде 2026
Білгенге маржан 1093 0 пікір 8 Шілде, 2026 сағат 14:02

Түрік қағанатының тілі - моңғол тілі болған ба?

Суреттер: Е.Кәрібайдың мұрағатынан алынды.

Түрік қағанатының біз көріп жүрген тілі 8-ғасырдағы тастардағы жазу. Алайда 6-ғасырдағы Таспар қаған мен Нири қағанның ескерткіштері көне моңғол тілінде. Таспар қаған 572-581 жылдары билік құрған, Бумын қағанның ұлы, Мұқан қағанның інісі, өмірінің соңында буддаға сенген.

Сурет: Е.Кәрібайдың мұрағатынан алынды.

1-сурет Бұғыт жазуы (монғолша: Бугут, латынша: Бугут) - Моңғолияның Архангай аймағындағы Их-Тамир сұмынында алғаш рет табылған көп тілді жазба. Жазу б.з. 584 жылымен белгіленген және Түрік қағанатының төртінші қағаны Таспар қағанға (572–581 жылдары билік құрған) арналған.

Сурет: Е.Кәрібайдың мұрағатынан алынды.

2-сурет ескерткіш тұрған аумақтың тұтас суреті.

Мәтіні екі тілде, бірі соғды тілінде, екіншісі көне моңғол тілі(сянби, жужан тілі). Соғды тілі мемлекеттік тілдің бірі , әсіресе Қашқария мен Мәуераннахрда жетекші тіл, сауда-экономиканың тілі. Соғдыша мәтінді айтпаяқ қояйық. Біз сянби-жужан тілді мәтінді талдайық.

Мәтін:

...Tadpar Mugan qagan sa-nam cig-du

...++bi++tu Tadpar qa cog-nar oro-ga-ju++

...dig-n qa-n herte ku++ quri-r ndu-ti-ju qapa bar-ju gele-lupe-r ku

...+cu-d-par dar-p-ta taga ayu-?-?C-cu

...+++gacar haru tar-ju jar-n++

...purupu tal-u-ja-r/ju Asvar-un ordu-da

...-tu++ -un jar-va-r janti-ju

...qa-d habv-ca xa+ mede-ju++++

...-nar puneken puker-ner Tadpar tala-

...-quy nabu-d botugna-s qoniy ire-y

...qagan-u +-gtir jalva-y Tadpar +?

...-ciliA-at ken hirge-c ...

...para-n qora-pi kebir qajar-a (?)

...ol-ga-ba ku ceker-de a-qsa +

...+ -tu + kuju-tu ken-u gar-par

...++-la kobe'u-d gele-run da+hig

...+-d-un teme ingi-ner aci-sar-ju

...+++bule-ku-per qa-d qagan

Қазақшасы:

...Таспар мен Мұған қағандары бірге тұрған кезде......Таспар қаған ақсүйектерді кіргізді, және

...бұрын қайтыс болған қаған...барлық күштерімен жиналып, өздерімен оңаша, сөйлесті...жаулар (әскери) бөлімдерден жеңілгенде, [олар] қорқып,

...жерлеріне босып баруға асықты...

...олардың бірге және Исбараның лагерінде қатты тонаулары

...мен бірге [ол?] елшілерін соққыға жықты

...ханзадаларды алып...біліп...

...Таспар, түлкілер мен өгіздерді

...набуды, түйе сиырларын және қойларды олжалап алады, олар...келіп,

...қағанның, Таспарға қосылады...

...-ді-ға айналдырғаннан кейін, халықтан кім...

...адамдар...дала жерлеріндегі у

...қабылдауға мәжбүр болды...және бос болды...

... әр кімнің күшті қолдарымен

...X жасайды! Ұлдары айтқандай...

...еркек және ұрғашы түйелерге X тиеп,

...шайқастырып, ханзадалар [және] қағанмен

Сурет: Е.Кәрібайдың мұрағатынан алынды.

Сурет: Е.Кәрібайдың мұрағатынан алынды.

3-сурет. Құйыс Толағай бітіктасы. Түрік Нири қағанға (Батыс түрік қағаны, 588-601 жылдары ел билеген) арналған. Нири қаған будда дініне кірген. Оның ҚХР, Іле аймағы Моңғолкүре ауданында қорымы мен балбал тасы бар.

Мәтіні:

1. Bitignar qağan değin şine budi sativa törūk,

Бітіктер қаған, тегін жаңа бұд бабасынан төрілген (туылған).

2. qağan, būdi qağani uqaqu kere (ел аты, керей?) Anağai

Қаған бұд қағанын ұғатын kere(ел аты ,бәлкім керей) Анағай

3. Te za-qu bod beg-ey nar bayy dolo ja qug bu

бек тер бай(бар) жеті ек Де жә

4. Bitiğ chıltonar qaranu yagun twa puro chıchıla pugtug nelen

Бітік тастарға қараған жайда тыва(тайпа~)...

5. Qaganu qatunar duge nırı qağan, tūrūk qağan

қағанның қатұндары, іні Нири қаған

Бітік тастар қараған түрік қағаны

6. Kuş dörū tauaju kere erkin barğol parxır ıgbı j

күш төрө (заң) тәуәп керей елі ұстап (бару, барымта)

7. Tūgju ūqaba nar qağan qanı julaba tunu tūgūn yatua

ілген/жетер ұққандар қаған хан...

8. irgen tu togogun putugşı sının būdisativa török qağan

Елді жаңа бұд атасынан туған қаған

9. ūş bitiğin twa par qağan törūk qağanun

бітігін тывақаған туған қағанын

10. pada niri qagan tūrik qağan kljı ubı jalo ba darqa jay bey

қиған Нири қаған түрікқағаны таяп...тарқан жайы (тағдыр) екен

11. bitiğ şag pag tarqa bıti be pa

бітік чақ тарқан жазған.

Бір ғажабы бұл көне моңғол тілі көне түрік тіліне ұқсап кетеді, сонда 8-ғасырдағы түрік тілі неге парықты? Бәлкім бұрын екі тіл бір тіл болған, кейін батыстағылары енесей, соғды, угүр тілдерімен араласып парықтала бастады ма? Жоқ әлде түрік қағанатын құрғандар әсілі сянби тілді тайпа болып Алтайға барып біртіндеп теріктерге сіңе бастаған, алайда элита бастапта сянбише сөйлеп 7-ғасырдың соңында түріктеніп түрікше сөйлеген бе? Әйтпесе олар өздерінен жеңілген жужандардың тілінде неге ескерткішке жазу жазады? Сұрақ көп. Бұл туралы Гумилевте дәл осы менің ойымды айтқан екен, элита тілі бұрын басқа тіл.

Ерзат Кәрібай

Abai.kz

0 пікір