«Ақпараттық шабуыл»: Министрге кімдер шүйлікті?
Соңғы күндері менің байқағаным — Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ақпараттық шабуыл басталды.
Неге оны «ақпараттық шабуыл» деп бағалаймын?
Кәдімгі сын айтқаннан бұл бөлек нәрсе. Мен де сынаймын, маған да кейбір шешімдері ұнамайды.
Соңғы Қоғамдық Кеңес отырысында (өткен аптада) жеке балабақша мәселесі бойынша қаты сынадым. Дос жылатып айтады деген қағидамен…
Бірақ тарап жатқан «ұжымдық хат» мыс копиясы өте күдікті. Себебі, ол хат мәтінінің авторы кім екені түсініксіз, ресми Мемлекет басшысына жолданғаны туралы мәлімет жоқ, бұқаралық ақпарат құралдарының қолдарына қалай тигені белгісіз.
Және менің өзімнің байланыстарым арқылы Президент Әкімшілігіне бұндай хат түспегені туралы ақпарат алдым. Сонда бұл хат егер Президентке жетпесе, бірақ Президентке жолданған хат қалай бұқаралық ақпарат құралдарына немесе әлеуметтік желідегі азаматтарға жетеді?
Жалпы бұл хат бар ма, жоқ па? Бұл хаттың өзі «фейк» емес пе?
Және бұл хат егер Президент Әкімшілігіне жетпесе, ол хат жолданбаса, мүмкін бұл хаттың авторлары жасырын адам ба, жоқ шынымен бар ма?
Неге бұл хатты бірнеше блогерлер , басылымдар бір мезетте шығарып және ол «Президентке жолданған хат» деп, өзі бір ресми АП ға жеткізілген дәлелі бар сияқты айтылады?
Сонда мақсат Президентке шағым жеткізу ме, әлде тек қоғамда теріс пікір туғызу ма?
Біз қол қойдық деп хатта көрсетілген арызданушылар авторлар екенін мойындағанын көрмедім.
Ал келесі сұрақтар:
Бұл ұжымдық арыз ( мыс ) негізгі мақсаты қандай?
Бұл хаттың негізгі уәжі — бір қатар адам осы уақытқа дейін қызметтен кетуі.
Жалпы білім жүйесі өте үлкен сала, мысалы, кемінде 1 миллионға жуық қызмет атқаратын азаматтар бар.
Соның ішінде тек 600 мыңы ғана мектепте жұмыс істейді. Одан басқа балабақша , колледжде, қосымша білім беру , оқыту орталықтары көптеген ұжымдарында жұмыс істейтіндері бар, әртүрлі жергілікті және орталық мемлекеттік мекемелері бар.
Сонда 1 млн адам арасында 20-30 шақты адам, осы жарты жылда қызметтен босап, ауысқан босап жатса, бұл бір ерекше жағдай деп мен айта алмаймын.
Кез келген министрдің кезінде, ол өзі бастама жасамаса да, ондай адамдар қызметке келеді, кетеді. Ол бір таңғалатын жағдай емес.
Жалпы қызметтен кету, келу — ол тек қана бір негативті мақсатпен немесе бір мәжбүрлеумен емес. Кейбір адамдар өздері кетеді, жоғарылайды, басқа қызметке кетеді, өз қызметін атқара алмай кетеді. Кейбіреулері шынымен де сын айтылып немесе өз жұмысының дұрыс жағын көрсете алмай, өз әрекетімен шығып кеткендер бар.
Солардың арасында Минисиірдің талабымен кеткендер болуы әбден мүмкін.
Бұл жерде, мысалы, осы тізімнің ішінде біреуін «қудалап шығарды» деген бірде-бір дәлелдеу жазылмаған. Бір адам бұлардың ішінде сотқа бермеген. Егер бұл адамдар өз еркімен кеткен болса, онда бұл арыздың ішіне түсуіне қандай себептер бар?
Және мен осы тізімнің ішіндегі бірнеше адаммен өзім сөйлестім. Бұл адамдар: «Жалпы ешкімге ренішім жоқ, мен өз еркіммен бұл жұмыстан кеттім», — деп айтқандары бар.
Сонда бұларды барлығын хатқа, тізімге сырттан қосты ма, жоқ барлығы өз келісімімен берді ме деген сұрақ туындайды.
Мүмкін кейбіреуі өзінің жұмысындағы кемшілікті біліп, бұл адамдарды сырттан бұл тізімге кіргізіп, өздерін қорғау үшін басқалармен атын жамылу үшін жасалған жоқ па?
Ал шынайы айтсам, мен өз тәжірибемнен қарасам, бұндай хаттар көп жағдайда бір адамдардың өз кемшілігін жасыру үшін жасалады. Көптін ортасына өз фамилиясын қоспау да мүмкін. Министірді “хатпен” қорқытып кадрларға тиіспейтіндей жағдайды орнатамын деп.
МИНИСТІРЛІКТЕ АУЫС ТҮЙІС ЖАСАЙТЫН НЕГІЗ БАР
Жалпы соңғы жылдары орта білім саласында былықтар , қаржыны жымқыру, түсініксіз реформалар жасау фактілері өте көп.
Президент сол үшін жаңа министр тағайындады - оны барлығы біледі.
Өткен жылғы 24 желтоқсанда Астанадағы жиналыста бұрынғы сала басшыларының былығын айтып заң бұзушылықты тоқтатуды тапсырды.
Жүздеген милиард теңге ұрланған фактілерін тергеу дәлелдеді.
Сол тапсырманы орындаймын деп Білім саласындағы қазір Жұлдыз Сүлейменова министр болып барып, қазір тәртіп орнатып жатқаны рас.
Ең бірінші — ол мынау жеке мектеп, балабақшаларда ұрлық ақшаны тоқтату.
Екінші мәселе — кезіндегі оқу бағдарламасына жасалған көп кемшіліктерді орнына келтіру, оқу бағдарламалары ешқандай негізсіз қосылған пәндерді немесе сол пәндерге қатысты оқулықтарды дайындамауы — көптеген проблемалар бар.
Мысалы физика химия мен биологияны бір пәнге қосу үлкен қателік. Дәл солай алгебра геометрия информатика. Қазақстан географиясы мүлдем жоқ. Қанша бала сапалы білім ала алмай қалды? Мұғалімдердің сағаттары қысқарды.
Үшінші мәселе — заңсыз түрде мектептерге, балабақшаларға лицензиялар беру, соны бақылау.
Төртінші мәселе — мемлекеттік ұйымдарда мемлекеттің қаржысын пайдаланып, мемлекеттік ұйымдардың басшылары өз айлығынан қоса, қосымша төлемдер алу. Мекеме басшысы , орынбасарлары өз-өзіне шаруашылық шартпен тапсырыс беріп, қосымша өз тапсырмасы орындалғаны туралы есеп жасау, өз қолымен өзіне договомен ақша төлеу. Айлығының үстінен бірнеше айлық төлеген.
Бұл қылмыс қой!
Сонда бұның барлығын көре тұра не үшін жұмыстан босатпау керек?
Осы мағынада бұл “жасырын хатты” қарауымыз керек.
Мен өзім Жұлдыз Досбергенқызын толық қолдаймын!
Өзі қарапайым ортадан шыққан, мұғалімнен бастаған, жастайынан мектеп директорына дейін өз белсенділігімен жеткен білім саласына жаны ашитын тұлға!
Тек алға білімді де , іскер де, батыл да қарындасым!
Көпшілік Қоғам сізді қолдайды !
Мұрат Әбенов
Abai.kz