Сейсенбі, 14 Шілде 2026
Білгенге маржан 1379 0 пікір 11 Шілде, 2026 сағат 15:54

Сіз қай ұрпаққа жатасыз?..

Сурет: kazgazeta.kz сайтынан алынды.

Үнсіз ұрпақ (1928–1945)

Ережеге бағынып, бас имей, үн-түнсіз жүріп-ақ елді аяғынан тік тұрғызған ұрпақ. Біздің қоғамда бұл социализмнің (қоғамдық меншік басым жүйенің) негізін қалаған, «партия айтты, бітті, ол хақ» деген ұғыммен өскен жандар. Еңбекті дін іспетті қасиетті санап, табынады.

Бэби-бумерлер (Baby Boomers) (1946–1964)

Өмірді кең ауқымда сүріп, мүмкіндік туса, бәрін иеленіп, ал қазір сол қол жеткізген мүмкіндіктерін қорғап отыратын ұрпақ. Коммунистік қоғамның (мемлекет бәрін басқаратын жүйенің) гүлденген дәуірінде жастық шағын өткізіп, кейіннен бірден нарықтық экономиканың (еркін нарықтың) иіріміне лақтырылған жандар. «Біздің уақытымызда…» деп басталатын сөйлемдердің иелері.

Х ұрпағы (Gen X) (1965–1980)

Ешкімге оңайлықпен сенбейді, көп шағымданбайды, бірақ бүкіл жүйені үнсіз ғана басқарып отырғандар. Социализмнен демократияға өту кезеңіндегі (жүйенің күрт өзгеруі) бүкіл соққы мен қиындықты өз иығымен көтерген ұрпақ. Көше саудасынан бастап, бизнестің исін алғаш сезгендер.

Миллениалдар (Millennials) (1981–1996)

Өмірдің мәнін іздеп, арманының соңынан еріп, ақырында burnout (тән мен жанның зорығуы, сарқылуы) күйіне түссе де, «бәрі жақсы» деп жымия алатын ұрпақ. 90-жылдардағы дағдарысты, талон жүйесін, кейіннен интернеттің алғашқы толқынын көргендер. «Аштықты да, өсуді де бастан өткерген» ұрпақ.

Z ұрпағы (Gen Z) (1997–2012)

Бәріне күмәнмен қарап сұрақ қоятын, ештеңеге оңайлықпен сенбейтін, бірақ бүкіл дүниені тым терең сезінетін ұрпақ. Facebook, YouTube, TikTok желілерімен өскен алғашқы толықтай диджитал (цифрлық) ұрпақ. Бір нәрсе болса, «Google-дан іздей салайын» деу бұлардың рефлексі.

Альфа ұрпағы (Gen Alpha) (2013–2025)

Қолына iPad ұстап туғандай көрінетін, YouTube арқылы тәрбиеленіп жатқан, болашағы беймәлім, бірақ бәлкім, ең қуатты ұрпақ. Жасанды интеллект (AI), қысқа контенттер (short-form content) мен сенсорлы экранмен (touch screen) бірге өсіп келе жатқан балалар. Ата-анасынан бұрын алгоритмдерге көбірек сенуі мүмкін ұрпақ.

Амантай Тойшыбайұлы

Abai.kz

0 пікір