Астанада өтетін отырысқа ТМД-ның барлық елдерінің үкімет басшылары қатысады деп күтіліп отыр – СІМ
Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ – 22 мамырда Астанада өтетін отырысқа ТМД-ның барлық елдерінің үкімет басшылары қатысады деп күтіліп отыр, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігіне республика СІМ-нің баспасөз қызметі.
Бейсенбі күні түстен кейін Қазақстан елордасына Беларуссия премьер-министрі Сергей Сидорский, Ресей үкіметінің жетекшісі Владимир Путин, Тәжікстан премьері Акил Акилов, Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзияев, Молдова үкіметінің басшысы Зинаида Гречаная, Армения премьері Серж Саркисян, Украина үкіметінің басшысы Юлия Тимошенко, Қырғызстан премьері Игорь Чудинов, Әзербайжанның бірінші вице-премьері Ягуб Эюбов, Түркменстан сыртқы істер вице-премьер-министрі Рашид Мередов келеді.
Бұрын хабарланғандай, ТМД ҮБК отырысының күн тәртібіндегі басты мәселе Достастықтың 2020 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясының бірінші кезеңін жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары болмақ.
«Стратегия ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ортақ мақсаттарға, басымдықтарға, мемлекетаралық экономикалық қатынастарды тереңдету жағдайында әлеуметтік-экономикалық дамудың перспективасына қатысты өзара келісілген, Достастықты халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінің маңызды қатысушысына айналдыруға бағытталған көзқарастар жүйесі болып табылатын кешенді құжат болып табылады», - деп атап көрсетілген СІМ-нің баспасөз мәлімдемесінде.

Бұдан басқа, үкімет басшылары 18 құжаттың жобасын талқыламақ.
Ал түстен кейін, Ресей үкіметінің жетекшісі В. Путин ел басшылығымен кездеседі.
Кездесу барысында Ресей үкіметінің басшысы Қазақстан мен Ресейдің 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарының жекелеген тармақтарының жүзеге асырылу барысын, отын-энергетика кешені, соның ішінде атом энергетикасы мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ, «Байқоңыр» кешені бойынша келісім-құқықтық базаны жетілдіру, трансшекаралық су нысандарын пайдалану және екі жатқы ынтымақтастық мәселелері де қозғалатын болады.