Бейсенбі, 30 Шілде 2026
Билік 671 0 пікір 27 Шілде, 2026 сағат 16:12

Трамвайдағы науқан: Павлодарда «Әділет» партиясының вагондары жолға шықты

Сурет: «Әділет» партиясы»нан алынды.

Павлодарда сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясының брендімен көркемделген 5 трамвай қатынай бастады. Партияның облыстық филиал төрағасы Асылбек Туғанбайдың сөзінше, трамвай - шаһардың басты белгілерінің бірі. Сондықтан тұрғындармен тікелей байланыс орнату үшін дәл осы қоғамдық көлік форматы таңдалған.

Сурет: «Әділет» партиясы»нан алынды.

Арнайы стильде көркемделген 5 вагон қаланың ең шалғай аудандарына дейін қатынайды. Жолаушылар жол-жөнекей партияның «Әділетті болашақ үшін» бағдарламасымен танысып қана қоймай, кандидаттарға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын тікелей жеткізе алады.

Павлодар трамвай басқармасының директоры Муслим Махмудовтың айтуынша, бұл трамвайлар күн сайын 5 түрлі бағдар бойынша жүріп, 5 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, кәсіпорын ұжымының 95 пайызы, атап айтқанда, 500-ге жуық қызметкері «Әділет» партиясының бастауыш ұйымына мүше.

Сурет: «Әділет» партиясы»нан алынды.

Партия логотипі салынған трамвайдың алғашқы жолаушыларының бірі өз әсерін бөлісті.

«Жаңарған трамвайды көріп, бірден қуанып кеттім, сырт келбеті қатты өзгеріпті. Ішіне кірсем, партия өкілдері жүр. Бағдарламаларын түсіндіріп, сұрақтарымызға ашық жауап берді. Күтпеген жерден өте жағымды әрі жылы кездесу болды», - дейді ол.

Сурет: «Әділет» партиясы»нан алынды.

Облыстық сайлауалды штаб жетекшісі Илья Теренченконың айтуынша, жобаның ірі науқанның шағын бір бөлшегі. Қазіргі таңда тұрғындармен жүздесулер Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен барлық аудан орталықтарында белсенді түрде жүріп жатыр.

Сурет: «Әділет» партиясы»нан алынды.

Жобаның ресми таныстырылымына сайлауалды штаб өкілдері, Құрылтай депутаттығына кандидаттар, жастар қанатының белсенділері мен Д.Д. Махмудов атындағы Трамвай басқармасының басшылығы қатысты.

Дайындаған:

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Abai.kz

0 пікір