Дүйсенбі, 10 Тамыз 2026
Жаңалықтар 909 0 пікір 4 Тамыз, 2026 сағат 15:41

Министр: Өзіміздің маркетплейстерді таңдаңыз!

Сурет: inilaw.com сайтынан алынды.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Wildberries-ке қатысты туындаған мәселеге пікір білдірді.

Министрдің сөзінше, кәсіпкерлер маркетплейс немесе сауда платформасын таңдағанда баға мен сапаның арақатынасын, жеткізу жылдамдығын ескерген жөн. Сондай-ақ ол отандық маркетплейстерді пайдалануға шақырды. Ықтимал тәуекелдерді алдын ала бағалау қажетігі туралы да айтылды.

"Бүгінде елімізде отандық маркетплейстердің үлесі жоғары. Сондықтан мүмкіндігінше өзіміздің онлайн сауда алаңдары арқылы тапсырыс беріп, уақытында әрі кепілді түрде жеткізілетін өнімді таңдаған жөн. Менің кеңесім қарапайым: сенім ұялататын маркетплейстерді таңдаңыз және нарықтағы жағдайды үнемі бақылап отырыңыз", – деді Арман Шаққалиев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Abai.kz

0 пікір