Сәрсенбі, 12 Тамыз 2026
Жаңалықтар 104 0 пікір 12 Тамыз, 2026 сағат 14:27

Киев Қазақстан мұнайына шабуылды тоқтатты...

Сурет: dknews.kz сайтынан алынды.

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің сұрауынан кейін Украина Ресейдің Қара теңіздегі Новороссийск портын қолданатын танкерлерге шабуылды тоқтатқан. Бұл туралы Украина шенеуніктеріне сілтеп Financial Times газеті хабарлады.

КҚК-ға шабуыл қашан жасалды?

Украина КҚК маңындағы танкерлерге 17,19 және 21 шілдеде шабуылдаған. Осыдан соң Каспий құбыр консорциумы (КҚК) Қазақстан мұнайын қабылдауды тоқтатқан еді. Қазақстан сыртқы істер министрлігі КҚК инфрақұрылымына шабуыл жасауды дереу доғаруды талап етіп, мұны Қазақстанның "экономикалық мүдделеріне қол сұғу" деп сипаттаған, бірақ нақты елді атамаған.

АҚШ пен Қазақстанның талқысы

30 шілдеде Қазақстан сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесіп, КҚК айналасындағы жағдайды талқылаған еді. 8 тамызда Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сілтеп, Украина АҚШ өкілдерімен келіссөзден соң КҚК және Қара теңіздегі Ресейге қатысы жоқ танкерлерге соққы жасамауға келісті деп жазған еді.

Құбырдың Қазақстан үшін маңызы қандай?

1500 шақырымдық құбыр Қазақстанның батысында өндірілген мұнайды Қара теңіздегі Новороссийск портына жеткізеді. Америкалық ірі компаниялар Chevron мен ExxonMobil Қазақстанның батысында өндірілетін мұнайдың басым бөлігін осы құбыр арқылы экспорттайды. Ал жалпы Қазақстан мұнайының 80% КҚК арқылы тасымалданады.

Дереккөзі: Азаттық радиосы

Abai.kz

0 пікір