Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 704 0 пікір 23 Тамыз, 2026 сағат 18:38

Жетісуда Алакөл мен Балқашқа демалуға келген туристер Құрылтай сайлауында дауыс берді

Сурет: Жетісу облысы әкімдігенен алынды.

Алакөл мен Балқаш көлдерінің жағалауына демауға келген туристер азаматтық белсенділік танытып, сайлауға қатысты. Демалушылардың уақытша келген орнында сайлау құқығын жүзеге асырып, дауыс беруіне мүмкіндік жасалды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Талдықорған қалаларынан және басқа да өңірлерден келген 40 шақты турист Ақши ауылындағы № 68 және Көктұма ауылындағы № 67 сайлау учаскелеріне барып, дауыс берді.

- Біз, Алакөлде демалып жүрген азаматтар бүгін Ақши ауылындағы №68 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық жауапкершілік танытып, өз таңдауымызды жасадық. Құрылтай депутаттарын сайлау - елдің бүгіні мен болашағы үшін маңызды қадам. Әрбір дауыс - ел болашағына қосылған үлес. Сондықтан бұл күні әр қазақстандық сайлауға қатысып, өз азаматтық таңдауын жасауы керек, - деді Құндыз Рахмет.

Сарқан ауданына қарасты Балқаш көліне демалуға келген азаматтар Лепсі ауылындағы №375 сайлау учаскесіне барды. Демалушылардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау үшін көл жағалауынан сайлау учаскесіне дейін арнайы қоғамдық көлік ұйымдастырылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1578
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3189
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1180
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1093