Сенбі, 29 Тамыз 2026
Жаңалықтар 325 0 пікір 28 Тамыз, 2026 сағат 15:07

Непалда Қазақстанның 2 азаматы іздестірілуде

Сурет: kaz.inform.kz сайтынан алынды.

Қытай-Непал шекарасында екі қазақстандық турист іздестіріліп жатыр...

Табиғи апат болған Непал мен Қытай шекарасында Қазақстанның екі азаматшасы іздестірілуде. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов хабарлады.

Бұған дейін олардың бірі туристік топ құрамында екі ел арасындағы шекарадан өткені белгілі болған еді.

«ҚР Сыртқы істер министрлігі жергілікті мемлекеттік органдармен жұмысты жалғастыруда, отандастарымыздың туыстарымен тұрақты байланыс орнатылған», — деді Жанболат Үсенов.

Әлеуметтік желіде жоғалған қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды:

  • Анна Щерба (1982 жылы туған)

  • Ирина Блонская

Соңғы мәліметтерге сәйкес, аймақтағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 359 адамға жетіп, 1 400-ден астам адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұр. ҚР СІМ жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп іздеу-құтқару жұмыстарын бақылауда ұстап отыр.

Abai.kz

0 пікір