Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Күбіртке 224 0 пікір 4 Қыркүйек, 2026 сағат 13:41

Ахмет аманаты және Бородулиха шындығы

Суреттер: baq.kz, kazgazeta.kz сайттарынан алынды.

ТІЛ САЯСАТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ СҮЗГІСІНЕН ӨТТІ МЕ?

Еліміздің Шығысында қазақшасы – Ойағаш, орысшасы Бородулиха деген құқай бар. Бұл аудан 1944 жылға дейін Белағаш атанса, 1990 жылдардың ортасында тараған Семей облысының Жаңа Семей және Новошульба адандарын өзіне қосып алғанымен атауы сол қалпында қалған еді. Бірақ қазақ тілі есіктен сығалаудан арылып, босағаға ұмытыла бастады. Бұны Абай облысының қайыра құрылуымен байланыстырамыз.

Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында Бородулиха ауданында өткен «Ахмет Байтұрсынұлы: тіл, білім, ұлт» атты жиын әдеттегі мерекелік форматымен ғана шектеліп қалмай, аймақтағы тілдік ортаның шынайы ахуалын сараптауға ұмтылыс жасады. «Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының» басшысы Мейрамгүл Атаеваның ұйытқы болуымен ұйымдастырылған бұл шара аудандағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудегі өзекті түйткілдерді бетке ұстады.

Өңірдегі мемлекеттік мекеме басшылары, білім беру саласының мамандары, ардагер ұстаздар мен Достық үйі өкілдерінің бас қосуы ауылдық жердегі тілдік ортаның қазіргі жағдайын жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді. Жиынның түйінді түйткілдері келесі бағыттар бойынша айқындалды:

Ересектерді оқытудағы әдістемелік шектеулер: Ауылдық аймақтарда ересек тұрғындарға қазақ тілін үйретудің тиімді, коммуникативті әдістемелері әлі де жеткіліксіз. Оқыту орталықтарының тыңдаушылары үшін теориядан гөрі күнделікті тұрмыстық және қызметтік қарым-қатынасқа қажетті практикалық дағдылардың тапшылығы байқалады.

Шекаралық аймақтағы тілдік орта: Бородулиха ауданы сияқты көпұтты өңірлерде мемлекеттік тілдің шынайы сұранысқа ие болуы баяу жүруде. Мекемеаралық іс-қағаздарды жүргізу мен ресми жиындарда қазақ тілінің үлесін арттыру әлі де болса әкімшілік бақылауды қажет етеді.

Формализмнен интерактивке өту: Дөңгелек үстелдің «60 секундтық пікірлер», топтық сараптама және «5 нақты қадам» сияқты форматы дәстүрлі баяндама жасаудан гөрі, нақты мәселелерді шешуге бағытталған практикалық ұсыныстар дайындауға жол ашты.

Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл – білім – ұлт» үштігі бүгінгі Бородулиха ауданының тіл саясаты үшін жай ғана ұран болып қалмауы тиіс. Жиын барысында сарапшылар мемлекеттік тілді үйретуді мерекелік даталарға байламай, оны күнделікті ауыл өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырудың нақты алгоритмін ұсынды.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 820
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2173
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 553
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 530