Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Әне, көрдің бе? 307 0 пікір 17 Қыркүйек, 2026 сағат 12:54

Қырғыздарда ешқашан хандық болған жоқ!

Сурет: ЖИ арқылы өңделген / tiktok.com.

Тарихта «840 жылы қырғыздар ұйғырлармен соғыста жеңіп шықты» дегеннен басқа, қырғыздар жөнінде ешқандай дүркіреген дерек жоқ.

Бұдан басқа еш жерде аты шықпайды. Олардың және қазіргі қырғыздармен қаншалықты қатысы бар екені де әлі толық дәлелденген емес. Себебі, қытайдың ежелгі  мәнбелерінде  қырғыздар гягунь, цзяньгунь, бурут, хягас деген атаулармен  көрінген. Бурут - буряттарға жақын, хягас - хакаспен тамырлас. Сол сияқты қырғыздар Тән-Шән бөктеріндегі қазақ иеліктеріне, ұлы жүз - дулаттар жеріне  XVIII ғасырда ғана келген. Мұнда оларды өздерін құлдыққа түсірген ойраттар (жоңғарлар, қалмақтар) алып келді. Содан кейін қырғыз манаптары Қазақ хандығының қол астында болды.

Айтқандай, қырғыздарда  ешқашан хандық болған жоқ, оларды Қазақ  хандығына тәуелді өз манаптары биледі. Ал қазақтардың негізін құрайтын басты ірі тайпалардың бірде-бірі қырғыз құрамында жоқ, болса да кейбір рулардың жұқанақтары ғана бар. Қазақтың тайпалары тура сол қалпында тек ноғайлар мен қарақалпақтарда ғана тұтасымен кездеседі. Бізде оларда және башқұрттарда бар мүйтендер ғана жоқ. Қарақалпақтың кенегесі де бар бізде. Қарақалпақтың жартысын қоңыраттар құрайды. Олар қоңырат және он төрт ұру деген екі топтан тұрады. Бұдан кейінгі бізбен тайпалық бірегейлік башқұрттар мен өзбектерде көбірек сақталған. Башқұрттың да діңгегін табын мен тама ұстап тұр. Оларда қыпшақ пен керей де аз емес. Тура біздегі сияқты. Жалайыр да баршылық. Майқы биді Шыңғыс заманында өмір сүрген табын деп көрсетіп, өздерінің бабалары санайды. Бізге гендік тұрғыда, қандық жағынан ең жақын ұлттар осы төртеуі.

Ендеше, қырғыздар босқа даурықпасын. Туыс тапқысы келсе, хакастар мен алтайларды аралап көрсін, құманды мен шорды шарласын. Бірақ тываның арасынан ештеңе таппайды.

Жоғарыдағы жөңгеше қырғыз атауларының бірде-бірінің қазаққа еш қатысы жоқ. Біздің бабаларымыз ол заманда, эрамызға дейінгі уақыттарда  дулу, уйшин, кангюй, сақ, массагет, дай деген атаулармен жүрген. Тарих сахнасында орта ғасырларда көрінген қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей тайпаларының ең қалың тобы да қазір бізде.  Біздің қырғыздан жаратылысымыз мүлде бөлек, тек кейінгі ғасырларда ауылымыз аралас болып қалған. Сондықтан оларға біздің тіліміз қатты ықпал еткен. Біз, негізі, Әбілқайыр Шайбанидің кезінде Сыр бойын мекен еткен көшпелі өзбектер сословиесінен бөлініп шыққанбыз. Олардан қазақ (жырақ, бөлек, азат) кетіп. Ал Мәуреннахр атырабына бұл атауды Әбілқайырдың немересі Мұхаммед апарып таңды, Ақсақ Темірдің ұрпақтары жерін басып алғаннан кейін.  Мұны да ұмытпауымыз керек!

Серік Пірназар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1282
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2828
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 930
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 875