Азиада: Қоржынымызда 6 алтын бар!
ММА шебері Қадырбек Шынбаев Азиада чемпионы атанды.
Аралас жекпе-жектен (ММА) қазақстандық Қадырбек Шынбаев Азиада чемпионы атанды. 71 келідегі финалда Шынбаев тәжікстандық Бехруз Хуршедзоданы жеңді.
Бұл – Қазақстанның Азия ойындарындағы алтыншы алтын медалі.
Бұған дейін аралас жекпе-жектен Еркінғали Бүркіталин 77 келіде Азиада чемпионы атанған еді.
Abai.kz