Бейсенбі, 1 Қазан 2026
Жаңалықтар 178 0 пікір 30 Қыркүйек, 2026 сағат 17:14

Депутат: Дәрігердің мәртебесін заңмен бекіту керек!

Сурет: Видео скрині.

Депутат Медеуова дәрігерлердің мәртебесін заңмен бекітуді ұсынды.

Құрылтай депутаты Дана Медеуова алғашқы депутаттық сауалында медицина саласындағы кадр тапшылығы, дәрігерлердің жалақысы және артық бюрократиялық міндеттер мәселесін көтерді.

Ол дәрігерлердің кәсіби мәртебесі мен қызметінің кепілдіктерін заңмен бекітуді ұсынды. Сондай-ақ медицина қызметкерлерін кәсібіне қатысы жоқ есеп-қисап жұмыстарынан босату қажет екенін айтты.

«Дәрігер есеп-қисаптың шексіз құжатын толтырмай, науқасты емдеуі керек», – деді депутат.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар