Бейсенбі, 1 Қазан 2026
Жаңалықтар 209 0 пікір 30 Қыркүйек, 2026 сағат 17:22

Мьянмада әуе соққысынан 50 адам қаза тапты

Сурет: 24.kz сайтынан алынды.

Мьянма әскери күштері Кьяуктау қаласына әуеден соққы беріп, салдарынан 50 адам қаза тапты. Құрбандар арасында әйелдер мен балалар бар. Сонымен қатар тағы 58 тұрғын түрлі жарақат алды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы орын алған қайғылы оқиғаға байланысты терең алаңдаушылық білдірді. Халықаралық қауымдастық бұл шабуылды мұқият тергеуді және зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмектің кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз етуді талап етуде.

Бұдан бөлек, БҰҰ Мьянмадағы жалпы қауіпсіздік ахуалының тым күрделі екенін мәлімдеп, Малайзия билігіне елдегі жағдай тұрақталғанша 1,5 мың босқынды кері қайтармау туралы өтініш білдірді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Малайзия билігі Мьянмадан келген босқындарды өз еркімен тарихи Отанына қайтару бағдарламасын бастаған болатын. Қазіргі таңда Малайзияны паналаған мьянмалық босқындардың жалпы саны 5 мыңға жуықтайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар