Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2377 0 пікір 21 Мамыр, 2009 сағат 11:23

АҚШ Өзбекстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті бар екенін мәлімдейді

Ташкент. 21 мамыр. ҚазТАГ – АҚШ Өзбекстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың үлкен әлеуетін атап көрсетеді, деп мәлім етті Ташкентке сапарын қорытындалаған АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия елдеріндегі сауда өкілі орынбасарының көмекшісі Клаудио Лилиенфелд.

«Мен Өзбекстан мен АҚШ арасында сауда қатынастарын кеңейту үшін үлкен әлеует көріп отырмын, біз бұл мәселе бойынша ынтымақтастығымызды жалғастырамыз деп үміттенемін», деген америка дипломатының сөздерін АҚШ-тың Ташкенттегі елшілігінің ресми сайты жариялап отыр.

К.Лилиенфелдтің Өзбекстанға сапары барысында жоғарғы үкіметтік шенеуніктермен және іскер ортаның алдыңғы қатарлы өкілдерімен кездесулер өтті. Кездесуге қатысушылар инвестициялау және екі елдің арасындағы сауда қатынастарын дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

К. Лилиенфелд Өзбекстанда және аймақ бойынша өткізілген кездесулер оң мәнге ие болғанын және сауда қатынастарын кеңейтудің болашағы бар екенін көріп отырғанын жеткізді. Ол Вашингтонға  жаңа ұсыныстармен оралады, бұл ұсыныстар АҚШ-тың Орталық Азия мен Ауғанстанға қатысты сыртқы сауда саясатын қайта қараған кезінде ескерілетін болады.

«Американың бірнеше ірі компаниясы, соның ішінде General Motors және Boeing Өзбександа кәсіпкерлік қызмет атқарып келе жатқаны, Өзбекстан үкіметінің тікелей шетел инвестицияларын тартуға мүдделілік танытуы, сауда қатынастарын кеңейту үшін әлеует бар екенін білдіреді», - деп атап көрсетті америкалық дипломат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543