WADA басшысы Оливе Неггли Астанаға келді
Астанаға Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) бас директоры Оливе Неггли келді.
22–27 қараша аралығында елордада агенттіктің басқарушы органдары — Құрылтайшылар кеңесі мен Атқарушы комитетінің кездесулері мен отырыстары өтеді.
Қатысушылар Дүниежүзілік антидопинг кодексін іске асыру, таза спортты қорғау жүйесін дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды. Құрылтайшылар кеңесі — WADA-ның жоғары басқарушы органы. Оның құрамына спорт қозғалысы мен мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
Қазақстан Орталық Азияда алғаш рет WADA-ның осындай деңгейдегі іс-шараларын қабылдап отыр. Оливе Неггли агенттікті 2016 жылдан бері басқарады.
Abai.kz