Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2209 0 пікір 21 Мамыр, 2009 сағат 11:28

«Оңтүстік» ӘКК 1,5 млрд теңге көлемінде жоспарланған кірістің орнына 2008 жылы 7,6 млн теңге шығын көрді - есеп комитеті

Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ – «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) 2008 жылы жоспарланған 1,5 млрд теңге кірістің орнына 7,6 млн теңге шығын көрді. Бұл жағдайды есеп комитеті (ЕК) үкіметтің резервінен 2007-2008 жылдары бөлінген қаржының пайдалануын тексеру барысында анықтады, деп хабарлады бейсенбі күні ведомствоның баспасөз қызметі.

Таратылған хабарламада атап көрсетілгендей, «Оңтүстік» аймақтық агрокешені» инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруға резервтен қосымша 4 млрд теңге бөлінді.

«2008 жылы 1,5 млрд теңге, 2009 жылы  3,3 млрд теңге кіріс алу жоспарланған болатын. Алайда 2008 жылы «Оңтүстік» ӘКК-нің бағдарлама шеңберінде құрылған  барлық кәсіпорындары жалпы көлемі 7,6 млн теңгенің шығынын көрді», - деп атап көрсетілген баспасөз мәлімдемесінде.

ӘКК-ның күрделі көп сатылы басқарудың салдарынан «шараларды орындау процесі ұзаққа созылып, аяқталмай қалды» деген есеп комитеті ӘКК құрылымын оңтайландыру қажет екенін айтады.

Сонымен қатар, есеп комитеті үкіметке Астана мен Алматыда үлескерлердің қатысуымен құрылыстарды аяқтауға бағытталған мемлекет қаржысының тиімді және орынды жұмсалуы бойынша шаралар қабылдауға кеңес береді.

Үкімет резервінің қаржысын пайдалануды тексеру барысында ЕК 2 млрд теңге соманың қаржылық бұзушылықтарын анықтады.

Ведомствоның бағалауынша, Бюджет кодексінің жетілдірілмегенне байланысты үкімет «кезекті қаржы жылына республикалық бюджеттің жобасын құру кезінде бюджеттік шығындарды жабуға жеткілікті резерв көлемін қарастыра алады».

«Жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарланған шығындарға қарамастан, 2007-2008 жылдары аталған мақсаттарды жүзеге асыруға үкімет резервінен 3,4 млрд теңге қосымша бөлінді. Бұдан басқа, 14 млрд теңге елдің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын отынмен қамтуға бағытталды. Бұл қаржыны республикалық бюджеттің шеңберінде алдын ала қарастыруға болатын еді», - деп атап көрсетілген хабарламада.

Осыған байланысты есеп комитеті Бюджет кодексіне үкімет резервінің шекті көлемін трансферттер мен займдарсыз бір жылдық республикалық бюджеттің түсімдері көлеміне пайыздық арақатынасында белгілейтін өзгертулер енгізуді ұсынады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543