Р. Әлиевтің «Өкіл қайын ата» атты кітабын оқыған қазақстандықтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады – бас прокуратура (толықтырылған)
Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Рахат Әлиевтің даулы болған «Өкіл қайын ата» атты кітабын таратқан, не оқыған Қазақстан азаматтары қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп мәлімдеді бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпеисов.
«Бұл кітапты сатып алу, не кітаптың мазмұнын таратуға қатысы бар біздің азаматтар, егер біз мұндай фактіні анықтасақ, қылмыскер Рахат Әлиевке көмектесен ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Себебі ол бүгіндері қазақстандық соттан жасырынып жүр», - деп айтты ол бейсенбі күнгі брифингте.
С. Нұрпейсов атап өткендей, кітапта мемлекеттік құпияға қатысы бар мәліметтер жарияланып, мәтінде фактілерді бұрмалау мен азаматтардың құқығына нұқсан келтіретін, яғни жеке бастың өмірі мен құпиясына қол сұқпау туралы құқығын бұзатын және дұрыс емес ақпарат жіберілген.
«Кім де кім құпияға жіберілген болмаса, оның кітап мазмұнымен танысуға құқығы жоқ», - деп қосты ол.
Сонымен қатар бас прокуратура өкілі өзінің бұл кітапты оқығанын мәлім етті: «Ия, мен бұл кітапты оқып шықтым, қызмет бабындағы міндетіме сай таныстым (оның мазмұнымен-ҚазТАГ)».

Сонымен қатар С. Нұрпеисов үстіміздегі жылы 15 мамырда ҚР бас прокуратурасы ҚР ҚК 143 бабы, 2-ші тармағы – («хат жазысудың, телефон сұхбаттарын, пошталық, телеграфтық және басқа да хабарлардың құпиясын бұзу») мен 172 бап 2-ші тармағы «мемлекеттік құпияны заңсыз алып жариялау» - бойынша қылмыстық іс қозғалғанын қосып айтты.
«Біз бұл істі ҰҚК жібердік те, олар 16 мамырда бұл істі өз өндірісіне алды. Сол күні-ақ ҰҚК тергеушісімен қабылданған қаулыға сәйкес, кітап пен оның барлық тиражы және мәтіні қылмыстың мәні мен заттай айғағы деп танылды», - дейді прокуратура өкілі.
Қылмыстық-процессуалдық кодекс бабына сәйкес, «қылмыс мәні заттай айғақ деп танылады да тәркіленуге жатады және қылмыстық іс материалдарына қосып қойылады», деп түсіндірді ол. Осы себепті кітапты пайдалануға, алуға, таратуға және тіпті одан қандай да үзінді келтіруге тиым салынады.