Астана мен Ташкент көрші республиканың аумағында қылмыс жасаған 27 қазақстандықты экстрадициялау туралы келіссөз жүргізіп жатыр – бас прокуратура
Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Қазақстан мен Өзбекстан көрші мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған 27 қазақстандықты экстрадициялау туралы келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлады бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов.
«Қазіргі уақытта өзбек жағымен тиісті келіссөздер жүргізіліп жатыр. Біздің азаматтарды қазақстандық әділет органдарына тапсыру мәселесі қойылып отыр. Егер уағдаластықтарға қол жеткізілсе, біздің азаматтар елімізде қылмыстық сот өндірісінің тәртібімен тергелетін болады», - деді ол бейсенбі күні брифинг барысында.
Ол Ақтөбе облыстық ІІД бұл қылмысты ұйымдастырғандарға қатысты экономикалық контрабанда дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын еске салды.
Оның айтуынша, қылмысты ұйымдастырған барлық азаматтар қамауға алынды.
«Өзбекстанда ұсталған қазақстандықтарды жазалау шарасы айтарлықтай жоғары болады деп ойлаймын, өйткені экономикалық контрабанда мен ұрлау дерегі тіркеліп отыр», - деп толықтырды прокуратура өкілі.
Бұған дейін, ҚазТАГ-қа ҚР сыртқы істер бірінші вице-министрі Нұртай Әбіқаев хабарлағандай, Өзбекстанда ұсталған қазақстандықтар өз кінәларын мойындады. «Мұндай іс болған соң, ол жақта сот өткенше, оларды (Өзбекстанда ұсталған қазақстандықтарды - ҚазТАГ) жібермейді», - деді ол.

Еске сала кетейік, 26 ақпанда Арал теңізінің батыс жағалауында өзбекстандық құқық қорғау органдары 27 қазақстандық азаматты ұстаған. «Олар мемлекеттік шекараны бұзды және өзбекстандық құқық қорғау органдарының пікірінше, Өзбекстан аумағында сақталып жатқан газ құбырларын ұрлау мақсатымен елге кірген. 8 шақырымға кірген», - деп түсіндірген еді Қазақстанның Ташкенттегі елшілігінің консулы Бабыр Дәуренбек.