Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2572 0 пікір 24 Мамыр, 2009 сағат 04:19

СҚО-да жалған емшілер егде әйелден 300 мың теңге алып кеткен

Петропавл. 22 мамыр. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында екі алаяқ ауыл тұрғынын алдап, одан 300 мың теңге ақша алған. Бұл туралы СҚО ІІД –нің баспасөз брифингінде хабарлады.
Алаяқтардың әрекетінен СҚО Есіл ауданының Мальцево елді мекенінің 69 жастағы тұрғыны зардап шеккен. Түске қарай оның үйіне екі таныс емес әйел кіріп, үй иесі шалдыққан ауруды емдеуге көмектерін ұсынған. Зардап шегушінің айтуынша, емдеу процедурасы қарапайым болған: алаяқтардың біреуі бұл үшін тауық пен жұмыртқа сұраған.
Полицейлердің айтуынша, сеанс басталмай тұрып-ақ, әйелдер ақша сұраған, әйтпесе «өршіген ауру емделмейді» деген. Үй иесі өз денсаулығы үшін ақшасын аямай, 100 мың теңге алып келген, содан кейін екі рет осы сомадағы ақшаны тағы берген.
Сеанстан кейін емші «ауру кетсін деп» ақшаны, тауық пен жұмыртқаны жер қоймаға тастап, үй иесіне жер қойманы кешке дейін ашуға болмайтынын айтқан. «Екі әйел үйден кеткен соң, кешке әйел жер қойманы ашқанда, ол жерде ақша болмай шыққан. Өзінің алаяқтардың құрбаны болғанын сол кезде ғана түсінген» , - деп хабарлайды СҚО ІІБ баспасөз қызметі.
Полиция жалған емшілерді іздестіріп жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522