Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3668 0 пікір 12 Қаңтар, 2010 сағат 07:11

Ресей түрік халықтары көсемдерінің бірі Ахмет-Зәки Уәлидиге шабуыл бастады

Ресейдегі түрік ағайындардан суыт хабарлар келіп түсуде. Башқұртстан Республикасын суверенитетінен айырып, тілі мен білім беру жүйесін жойып, басқа орыс облыстарымен біріктіріп, түбінде ұлт ретінде жоюға бет алған Ресей империясы өзінің зымиян саясатын бауырлас елдің тәуелсіздігін жариялатқан, ХХ ғасыр басындағы түрік халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі Ахмет-Зәки Уәлидиге шабуылмен жалғастырды.

Жаңа жыл алдында Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты, путиндік "Единая Россия" партиясының мүшесі Андрей Назаров осы елдің басшылығы мен құқық қорғау орындарына шағынып, арнайы сауал жасады. Назаров мырза өз сауалында автономиялы республиканың астанасы Уфа қаласында Уәлидидің атымен бір көшенің, бірнеше мәдениет ошақтарының аталғанын тілге тиек етіп, бұны "Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың аруағын қорлау" деп санайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, А-З.Уәлиди соғыс кезінде Польша, фашистік Германия сияқты елдердің тыңшысы болыпты-мыс.

Осыған байланысты башқұрт елінің ұлтшыл күштері жапатармағай бас көтеріп отыр. Өткен жылдың соңғы күндері башқұрттың ұлтшыл ұйымдары Ресей президенті Медведев, Ресей Премьер-Министрі Путин және Ресей Думасының төрағасы Грызлов мырзалардың атына ашық хат жолдап, арнайы мәлімдеме жасады. Башқұрт жастары одағының төрағасы Ф.Мәліков пен "Көкбөрі" ұйымының басшысы А.Сәлманов қол қойған құжатта депутат Назаровтың "сауалы" жуырда барша түрік дүниесі тойлағалы отырған Уәлидидің туғанына 120 жыл толуына орай дайындалып жатқан іс-шараларды болдырмауға, республиканың мақтанышы, ұлттық көсемі саналатын тұлғаны қорлауға бағытталған "қасақана қадам" делінген. Мәлімдемеде башқұрттың ұлтшыл жастары Ресей басшыларынан ұлт көшбасшысы А-З.Уәлидиге басталған арандатуларды тоқтатуды талап етті. Олар Ресей билігі айтақтаған осындай әрекеттер жалғаса беретін болса, күллі елді көтеріп, пикеттер мен митингілерге шығып, басқа да наразылық акцияларын ұйымдастыруға баратындары, барша түрік халықтарына, әлем жұртшылығына үндеу тастайтындары туралы жайында ресми түрде ескертті.

Башқұрттың ұлтшыл жастарының үндеуіне осы елдің зиялы қауымы да үн қосты. Барыс жылының 9 қаңтар күні Уфа қаласының "Башинформ" ақпарат агенттігігің ғимаратында башқұрт құрылтайы, ғылым академиясы, жазушылар одағы, ғылыми институттарының басшылары, мәдениет қайраткерлері бас қосқан үлкен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиналғандар Ахмет-Зәки Уәлидидің өмір жолы мен тарихи рөлі туралы баяндамалар жасап, депутат Назаровтың дақпыртын бірауыздан "арандату" деп тапты. Дөңгелек үстелге қатысушылар да арнайы мәлімдеме қабылдады.

Осыған қатысты ақпараттарды Башқұрт жастары одағының http://sbmrb.com/index.php және "Көкбөрі" ұйымының http://www.kyk-byre.ru/index.php веб-сайттарынан алуға болады.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364